Куантико

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Куантико (ағылшын тілінде Quantico) — Принс-Уильям округіндегі қала (Виргиния штаты). Вашингтон конгломерат ауданында орналасқан. Қаланың үш жағында Теңіз жаяу әскерлері базасы бар және келесі бір жағында Потомак өзенімен шекараласқан. Куантико Куантико-Криктің оңтүстігінен Потомак өзенінің сағасына дейін орналасқан. 2000 жылғы дерек бойынша, қала халқының саны - 561 адам.

Куантико — АҚШ теңіз жаяу әскерінің ірі базасы. Сонымен қатар базада теңіз жаяу әскерінің штабы және президент тікұшақтарының  эскадрильясы орналасқан. Аумақта басқа да федералдық мекемелер орналасқан: Нашақорлықпен күрес басқармасы, ФТБ (Федералдық тергеу бюросы) Академиясы, ФТБ лабораториясы, сонымен қатар қылмысты тергеудің әскери-теңіз бөлімі. 

2008 жылы қаланың мэрі Iris Tharp[1] болды. Сонымен қатар қалалық кеңес те бар[1].

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Куантико  38°31’19" North, 77°17’23" West (38.521871, −77.289757) орналасқан. АҚШ халық санағы бюросының дерегіне сәйкес, қаланың жалпы жер көлемі 0,1 шаршы миляны (0,3 км/кв) құрайды, оның 0,1 шаршы милясы (0,3 км/кв) жер, сулы аумақ кездеспейді.

  1. a b Miroff, Nick.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]