Куприт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Cuprite

Cuprite from Morenci, Arizona
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы Cu2O
Strunz classification 04.AA.10
Dana classification 4.1.1.1
Crystal symmetry Cubic (4/m 3 2/m)
Unit cell a = 4.2685 Å; V 77.77 ų; Z = 2
Ерекшеліктері
Түсі Dark red to conchineal red, sometimes almost black
Кристал пішіні Cubic, octahedral, and dodecahedral crystals; as hairlike capillary forms, earthy, compact granular and massive
Сингониясы Cubic hexoctahedral
Twinning Penetration twins
Үгітіндісі Fair in four directions forming octahedrons
Агреттары Conchoidal to uneven
Беріктігі Brittle
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 3.5 to 4
Streak Shining metallic brownish-red
Diaphaneity Transparent, translucent
Үлес салмағы 6.14
Оптикалық сипаты Isotropic
Refractive index n = 2.849
Pleochroism Visible
Дереккөздер [1][2][3]

Куприт — Сu2O . Минералдың аты латынның купрум — мыс — деген сөзінен алынған. (Кейде оның темір тотығымен араласқан түрін кірпіш тәрізді мыс рудасы деп атайды).

Химиялық құрамы: Cu 88,8%, О 11,2%. Механикалық қоспа түрінде жеке мыс металымен бірге жиірек кездеседі, майда не- месе жасырын кристалды түрлеріндегі қоспалары: Ғе2О3 , SO2, Н2О.

Қаттылығы 3,5—4, меншікті салмағы 5,85—6,15 (орташа 6). Жымдастығы октаэдр бойынша нашар білінеді. Түрі қызыл, майда және жасырын кристалды түрлері сұрғылт. Сызық дағы қызыл күрең (шынымен екінші рет үйкегенде сарғаяды). Кристалының сынған жері алмазша жалтырайды. Куприттің жұқалары шала мөлдір келеді. N = 2,85.

Сингодиясы — куб; пентагон-триоктаэдрлік.

Кристалдық ішкі құрылысы мынадай: оттек иондары кубтың бұрыштары мен орталығына орналасқан (орталықты куб); мыс иондары кубтың диагональдары бойындағы екі оттектің араларына орналасқан. Демек, олар кіші кубтың диагоналы бойында, орталық оттектің айналасында тетраэдр күрайды. Осы айтылған құрылыс бірнеше заттарда болады. Оларды куприт типтес құрылысты деп атайды. Кристалдарының сырт бейнесі көбінесе майда октаэдр түрінде, кейде куб немесе додекаэдр болады. Кристалының жіңішке талшық түрлері де сирек кездеседі. Ол кеп жерлерде түтас түйіршікті немесе топырақ қ ұрылысты болады, мұндай жағдайларда басқа заттармен де аралас келеді.

Жаратылысы. Куприт көбінесе мысты сульфидтердің тотығуында экзогендік жағдайда пайда болады. Әсіресе ол халькозин тотық қанда түзіледі. Оның схемасы мынадай: Cu2S + 2О2 + Н 2О — C u 2О + H24 .

Куприт кебінесе мыстың басқа түрлі тотыққан минералдарымен (малахит, азурит, мыс т. б.) бірге кездеседі.

Куприт мыс кенінің ең жақсы руда минералы болып табылады. Бірақ оның қоры қазір азайған.

Куприт кендері КСРО-да Уралдың ескі кендерінде (Гумешевск, Меднорудянск, Турьинск т. б.), Алтай мен Орталық Қазақстанда жиі кездеседі. Францияда Шесси (Лион маңында) кенінде оның өте ірі кристалдары (2—3 см) кездескен.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Cuprite. Mindat. Тексерілді, 10 шілде 2010.
  2. Cuprite. Webmineral data. Тексерілді, 10 шілде 2010.
  3. Handbook of Mineralogy
  4. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69