Кіші Аю

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кіші Аю, Кішіқарақшы (лат. Ursa Mіnor) – аспанның солтүстік жартышарындағы полюс маңында орналасқан шоқжұлдыз.

Цефей, Керік және Айдаһар шоқжұлдыздарының аралығында жатады. Мұның алты жұлдызы ожау пішінін құрайды. К. Аюдағы Темірқазық Қазақстан жерінде батпайтын шоқжұлдыз болып саналады. Жетіқарақшы екеуі бір-біріне жақын орналасқан. Бірге туып, бірге батады. Жетіқарақшының басы оң жаққа , сабы сол жаққа , Кішіқарақшының басы сол жаққа, сабы оң жаққа қарап тұрады. Кішіқарақшының сабының ұшындағы жұлдыз Темірқазық, ең шеткі екі жұлдызы Ақбозат, Көкбозат деп аталады.[1]

Кіші Аю шоқжұлдызы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Менің алғашқы энциклопедиям, " Алматыкітап " баспасы, 18 бет.