Ловать
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ловать — РФ-тің Псков және Новгород облыстарындағы өзен. Ұзындығы 530 км, алабының ауд. 21,9 мың км². БССР-дің солтүстік-шығысындағы Ловатец көлінен басталып Ильмень көліне құяды. Жауын-шашын, жер асты суымен қоректенеді. Орташа су шығыны 105 м3/сек (сағасынан 193 км жерде). Ноябрьдің аяғында қатып, наурыз — апрельде мұзы түседі. Ірі салалары: Локня, Редья, Полисть, Кунья. Ағаш ағызылады (490 км), төменгі ағысында (70 км) кеме жүзеді. Ловать бойында — Великие Луки және Холм қалалары орналасқан.[1]