Локомотивтік сигнал жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Локомотивтік сигнал жүйесі — жол бойы сигналдарын машинистің кабинасындағы локомотив светофорына автоматты түрде түсіріп отыратын құрылғылардың жиынтығы.

Локомотивтік сигнал жүйесі учаскелердің поезд өткізу қабілетін әрі қозғалыс қауіпсіздігін арттырады. Локомотивтік сигнал жүйесі дамылды және дамылсыз жүйелерге ажыратылады. Дамылды жүйеде жол мен локомотивтік қабылдау құрылғыларының арасындағы байланыс (мысалы, станцияға жақындағанда) келген кезде ғана іске қосылады. Бұл жүйе автоматты блокировкасы жоқ учаскелерде поездар қозғалысын реттеу үшін пайдаланылады. Жол мен локомотив арасындағы байланыс кез келген бөлігінде орнатылса, ол Локомотивтік сигнал жүйесінің дамылсыз түріне жатады. Жол бойы сигнал беру құрылғыларынан берілетін сигналдар (дол светофорлары көрсетулерінің кодталған түрі) рельспен таралып, Локомотивтік сигнал жүйесіндегі қабылдауыш катушкада қабылданады да, локомотив светофорының сигналына түрленеді. СССР-дің темір жол тораптарында Локомотивтік сигнал жүйесінің дамылсыз түрі мен қатар қырағы бақылау және жылдамдық бақылау жүйелері қолданылады. Қырағы бақылау жүйесі тыйым салу сигналы қабылданысымен поезды тоқтатады. Жол бөгетіне жақындағанда машинист локомотив светофорының сигналын елеусіз қалдырған жағдайларды жылдамдықты бақылаужүйесі поезды автоматты түрде тоқтатады[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 7 том, Алматы 1975