Мамонт үңгірі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мамонт үңгірінің ішкі көрінісі

Мамонт үңгірі - Бұл дүние жүзіндегі карсты үңгірлердің ең ұзын жүйесі, жолдарының жалпы ұзындығы 530 км, Кентукки штатындағы (АҚШ) Луисвиллден оңтүстікке қарай шамамен 144 км жерде орналасқан. Еуропалықтар оны 1797 жылы тапты. Осы күнге дейін үңгірдегі ғажап сталактиттер, сталагмиттер, су құламаларына ұқсайтын салбырап тұрған әк тасты "шымылдықтар", сондай-ақ жабайы гүлдерге ұқсайтын гипстің әдемі ақ кристалдары таңдандырады. Жер бетінен шамамен 110 м тереңдікте ағып өтетін эхо өзені — балықтардың кейбір түрлері, шаяндар мен асшаяндардың тіршілік ететін ортасы. Жер асты суларындағы бұл тіршілік иелері соқыр және түссіз, өйткені олардың арғы тектері көптеген ұрпақтар ауысқанға дейін толық қараңғылықта тіршілік еткен. Жер асты өзендері Грин-Ривер өзенінің жүйесімен байланысқан. Үңгірде соқыр шегірткелер мен өрмекшілер, ал оның суында — соқыр балықтар мен шаяндар мекендейді. 1973 жылы көршілес орналасқан Флинт-Ридж үңгірімен жалғас екендігі анықталды. Мұнда ұлттық саябақ ұйымдастырылып, туризм жолға қойылған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5