Маргарет Макдональд Макинтош

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Маргарет Макдональд Макинтош
Margaret MacDonald Mackintosh
Туған күні

5 қараша 1864 (1864-11-05)

Туған жері

Тимптон (Англия)

Қайтыс болған күні

10 қаңтар 1933 (1933-01-10) (68 жас)

Қайтыс болған жері

Лондон

Азаматтығы

Ұлыбритания

Маргарет Макдональд Макинтош (ағылш. Margaret MacDonald Mackintosh, 5 қараша 1864 жыл, Тимптон (Англия) — 10 қаңтар 1933 жыл, Лондон) — шотландтық суретшісі, модерн стилінің жарқын өкілдерінің бірі.

Өмірі мен шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Маргарет тау инженерінің отбасында дүниеге келген. 1890 жылы Макдональдтар отбасы Глазгоға көшеді. Ол жерде Маргарет әпкесімен Глазго Өнер Мектебіне оқуға түседі. 1899 жылы ол сәулетші және суретші Чарльз Ренни Макинтошпен Ливерпульге көшеді, 1900 жылы оған тұрмысқа шығады. Маргарет, күйеуі, әпкесі Фрэнсис және оның күйеуі қосылып бірге «Төрт» деген шығармашылық топ құрады. Бұл топ шотландық Модерн Мектебіне көп әсер етеді. 1900 жылы Макинтоши өз жұмыстарын Вендік Сецессионда көрсетеді. Густав Клим және Йозеф Хофман секілді шеберлерді бұл жұмыстар қатты таң қалдырады. Денсаулығына байланысты 1921 жылдан бастап Маргарет сурет салуды тоқтатады. Маргареттің жұмыстары көбінесе қолданбалы өнер мен дизайн тарауына жатады. Ол металлмен де, матамен де, кестемен де жұмыс істеген. Суретші үйдің ішкі дизайнына айрықша көңіл бөлетін. Ол тұрғын үйлер мен салондардың дизайнына эскиз жасайтын. Алдымен өз әпкесімен, ал сосын күйеуімен жұмыс істеген.

Маргарет Ұлыбританияда модерннің ең күшті суретші әйелі болып саналады. Сонымен қатар ол көркем сурет және графикамен айналысқан. 2008 жылы Кристис аукционында Маргареттің екі жұмысы 490.000 және 1.700.000 фунт стерлингке сатылды.