Мартин Родбелл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мартин Родбелл
ағылш. Martin Rodbell
Туған күні

1 желтоқсан 1925 (1925-12-01)

Туған жері

Балтимор, Мэриленд

Қайтыс болған күні

7 желтоқсан 1998 (1998-12-07) (73 жас)

Азаматтығы

 АҚШ

Ғылыми аясы

биохимия

Мартин Родбелл (ағылш. Martin Rodbell; 1 желтоқсан 1925, Балтимор, Мэриленд7 желтоқсан 1998) — американдық биохимик және молекулярлық эндокринолог. 1994 жылы Альфред Гилманмен бірге «G-ақуыздарын ашқаны үшін және осы ақуыздардың жасушадағы сигналдық трансдукциялық рөлі үшін» 1994 жылы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы алды.

Мартин Родбелл өмірге 1925 жылы 1 желтоқсанда Балтиморда (Мэриленд) келген, сонда орта мектепті бітірген. 1943 жылы Джон Хопкинс университеті он оқуға түседі, бірақ бір жылдан кейін ол әскерде қызмет ету үшін оқуын тоқтатады. Ол Екінші дүниежүзілік соғысқа АҚШ Әскери теңіз флотының қатарында радист ретінде қатысты. 1946 жылы университетке қайтып келіп, 1949 жылы бакалавр дәрежесін бітірді. 1950 жылы ол Барбара Ледерманға— аты аңызға айналған еврей әйелі Анна Франктың құрбысы Сюзанна Ледерманның ең үлкен әпкесіне үйленеді. Родбелл биохимиядан философия докторы дәрежесін 1954 жылы Вашингтон университетінен алды, осыдан кейін екі жыл пост-докторантураны Урбан-Шампэйн Иллинойс университетінде жасады. 1956 жылдан бастап Родбелл Денсаулық сақтау ұлттық институтында, алғашында Бетездеде (Мэриленд), ал 1985 жылдан — 1994 жылы зейнетке шыққанға дейін Чапел-Хиллде (Солтүстік Каролина) жұмыс істеді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]