Механицизм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Механицизм – шындықтың барлық процестерін классикалық механиканың заңдары негізінде түсіндіретін дүниеге көзқарас. Механицизм механицистік дүниетанымға негізделеді: дүниенің сапалық көптүрлілігі жоққа шығарылып, күрделі қарапайымға, тұтас бөліктердің жай ғана қосындысына саяды, механиканың ұғымдары мен принциптері абсолюттендіріліп, философиялық категориялар (мысалы, өзара байланыс, себептілік, заңдылық, т.б.) механикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Механицизмнің пайда болуы мен кеңінен таралуы 17 – 18 ғасырлардағы классикалық механиканың жетістіктерімен байланысты болды. Сол кездегі көптеген ғалымдар (Галилей, Ньютон, Лаплас, т.б.), оның ішінде философтар (Гоббс, Ламетри, Гольбах, т.б.) механицистік көзқарасты ұстанған. Классикалық механика материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт, себептілік жөніндегі түсініктерді тұжырымдап, ғылым мен философияның дамуында айтарлықтай рөл атқарды. Механиканың заңдарын абсолюттендіру дүниенің механикалық бейнесін жасауға әкелді. Ол бүкіл әлем (атомдардан планеталарға дейін) қозғалысы классик. механиканың заңдарына бағынатын, өзгермейтін элементтерден тұратын жүйе деп есептелген ойлаудың метафизикалық тәсілінің пайда болуына алып келді. Кейіннен Механицизм деп қозғалыстың барлық формаларын механикалық қозғалысқа ғана емес, жалпы күрделіні қарапайымға, жоғарыны төменгіге (мысалы, биологиялық қозғалысты физикалық немесе химиялық қозғалысқа, т.с.с.) теңестіруді айтатын болған. Диалектикалық ойлау әдісіне көшу нәтижесінде Механицизм ғылыми танымнан ығыстырылып шығарылды. Механицизмнің кейбір көріністері 20 ғ. ғылымында кванттық механиканы, кибернетиканы, т.б. түсіндіру кезінде орын алды.[1]

Пайдаланылған cілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы