Мимар Синан
Қожа Мимар Синан аға | |
осман. خواجه معمار سنان آغا — {{{2}}} | |
Жалпы мағлұматтар | |
---|---|
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері |
Ағырнас, Ұлы Османлы Мемлекеті |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Жұмысы мен жетістіктері | |
Басты құрылыстары |
Сүлеймение мешіті |
Қожа Мимар Синан аға (осман. خواجه معمار سنان آغا — Hocah Mi'mar Sinan Ağa, толық есімі – Әбділменнанұлы Синанеддин Жүсіп (түр. Abdülmennan oğlu Sinaneddin Yusuf), қысқаша есімі – Мимар Синан (түр. Mimar Sinan); 15 сәуір 1489 жыл – 17 шілде 1588 жыл) — османлының сәулетшісі және инженерлердің ең атақтысы. 1538 жылдан бастап I Сүлеймен, II Сәлім, III Мұрат замандарында мешіт, көпір салу және т.б. мемлекеттік істермен айналысқан[1][2][3].
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Балалық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Христиан отбасында, кей деректерде армян отбасында дүниеге келген[4][5][6][7][8][9][10][11][12][13][14] (басқа мәліметтер бойынша, грек отбасында[15][16]) 1489 жылдың 15 сәуірінде Қайсері қаласында Анадолы провинциясында туған. Армян отбасында дүниеге келген деген болжам Түркияда XX ғасырдың ортасында сөз болған емес.[9]
Әскер қатарында
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1512 жылы оны ата-анасынан девширме (осман. دوشيرمه — Devşirme) алу арқылы әскер қатарына алды. Девширме мұсылман емес отбасыларынан әскер қатарына, ұл балаларды салық ретінде алудың бір түрі болған. Синан жаңа шеріктер қатарына алынды. Синан әскер қатарында 23 жасында Ислам дінін қабылдады. Ол жоғаршы империялық Ендерун мектебіне жарамсыз болып, қосалқы Империя колледжіне жіберілді. Үш жылдан кейін Минан колледжді бітіріп, білікті архитектор-инженер болып шықты.
Әбділменнанұлы Синанеддин сәулетші ретінде Жауыз Сәліммен бірге Мысыр жорығына қатысты. 1521 жылы Заңшы Сүлейменнің Белград жорығына жаңа шерік ретінде қатысты. Оқуға түскеннен кейін алты жылдан соң 1522 жылы атты әскер қатарында Родос аралына және Белград жорығына қатысты[17].
Сәулет өнері дәуірінің басталуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шайқас уақытында Синан қамалдардың осал, әлсіз жерлерін зерттеумен айналысты. 1525 жылы Бағдат жорығына қатысып, патшалық қарауылдың командирі болды әрі Ван көліндегі құрылыс нысандарын басқарды. 1537 жылы Молдова жорығына қатысты. Осы жорықта Синан I Сүлейменнің назарына түсті. Ол осы жорықта Прут өзені арқылы небәрі бірнеше күнде көпір салдырған болатын[18].
Осы жорықтардың барлығында Синан өзін білікті сәулетші ретінде көрсете білді. 1538 жылы Каир қаласы алынған уақытта, сұлтан Синан сарайдың бас сәулетшісі етіп тағайындады. Әрі өзіне ұнамаған қаланың қалаған ғимаратын бұзуға рұқсат берді.
Синан 1538 жылы бас сәулетші болып I Сүлеймен, II Сәлім және III Мұрат замандарында 50 жыл бойы сәулет нысандарын салумен айналысты. Синан өмір жолында 300-ге жуық ғимараттар — мешіттер, медреселер, ауруханалар, емханалар, сарайлар, моншалар, керуен-сарайлар, мазарлар, бұрқақтар салдырды.
Синанның құрметіне Меркурийдің бір кратерінің есімі аталған.
Екі рет Меккеде қажылық жасады[19].
Отбасылық жағдайы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бәйбішесі Гүлрух, тоқалы Михри. Михридің мазары Конья қаласында орналасқан. Бес қызы, екі ұлы[20], отыз бес немересі болған[21]. Немересі Мехмет бейдің қызы Фатима ханымның мазары Эдирнеде Назир Чешмесі мазарында орналасқан[22].
Синанның 971 һижри жылында жазған өсиетнамасында[21], 25 жыл бас сәулетші жылдарында біршама дүниесі, құл-күңдері болғандығын жазған. Өзі дүние салған соң құл-күңдер азат етілсін деген. Осы өсиетнамасында 23 үйі, 34 дүкені, 1 диірмені, 1 бақшасы, 2 мәнзил-үй, 5 су алатын орын, 3 кеңсе, 1 мешіті болғандығы жазылған[23].
Атқарған негізгі жобалары мен жұмыстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мимар Синан салдырған ғимараттар жайлы негізгі мақала Мимар Синан ғимараттары.
Мимар Синан 92 жұма мешіті, 52 мешіт, 57 медресе, 7 дарул қурра-қарылар медресесі, 22 мазар, 17 имарет, 3 емхана, 5 су жолы, 9 көпір, 20 керуен-сарай, 36 сарай-қамал, 8 қойма, 48 монша барлығы 375 ғимараттың салынуына себепші болған[24].
Салған негізгі мешіттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сүлеймение мешіті, Ыстамбұл
- Шаһзада мешіті, Ыстамбұл
- Хасеки мешіті, Ыстамбұл
- Михримах cұлтан мешіті, Ыстамбұл
және бұдан басқа 90 жуық үлкен мешіттер [25]
Салған үлкен медреселері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- I Сүлеймен медресесі, Мекке
- I Сүлеймен медреселері, Ыстамбұл
- I Сәлім медресесі, Ыстамбұл
- I Сәлім медресесі, Шорлы
- II Сәлім медресесі, Эдирне
- Мехмет шаһзада медресесі, Ыстамбұл
Жалпы медреселер саны 57.
Көпірлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Биікшекмеже көпірі
- Силиви көпірі (Сұлтан Сүлеймен көпірі)
- Мұстафа паша көпірі
- Соколлы Мехмет паша көпірі
- Одабасы көпірі
- Қапыағашы көпірі
- Мехмет паша көпірі
- Соколлы Мехмет паша көпірі
- Сұлтан Сүлеймен көпірі[25]
Күллиелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күллие (түр. Külliye) Ұлы Османлы Мемлекеті заманындағы ғимараттың түрі. Күллие мешіт, медресе, имарет, мазарлар, монша, асүйі, емхана, аурухана, мектеп, сопылар үйі (текке), кітапханалардан құралған ғимаратардың жиынтығы.[26]
- Хасеки күллиесі
- Соколлы Мехмет паша күллиесі
Салған басқа да ғимараттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сол заманғы колледж ретінде Құранды толық жаттататын медреселер салдырды. Сол заманда сол медреселер "дарул қурра" деп аталаған.
Бұдан бөлек жоқ-жітіктерге көмек ретінде имареттер салдырды. Имарет Ұлы Османлы Мемлекеті заманында жоқ-жітікке көмек беру үшін ашылған нысандар. Ішінде жататын орын, асхана, үлкен аула және т.б. болады.
Түркияның сыртындағы салған ғимараттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нысандар [27] | ||||||
Аталуы | Орналасқан жері | Салынған жылдары | Нысан түрі | Қазіргі күні | ||
Әбділқадір Жейлани мешіті | Бағдат | 1134-1135 | Мешіт | Мешіт | ||
Әбділқадір Жейлани теккесі | Бағдат | 1134-1135 | Сопылар үйі | |||
Әділие (Дукакинзада Мехмет паша) мешіті | Халеп | 1565-1566 | Мешіт | Мешіт | ||
Босняк Мехмет паша мешіті | София | 1547-1548 | Мешіт | Шіркеу | ||
Шәріп (Хасеки) имареті | Құдыс | Имарет | Имарет | |||
Хасеки имареті | Құдыс | Имарет | ||||
Қысырау Паша (Хусревие) мешіті | Халеп | Мешіт | Мешіт | |||
Қысырау Паша (Хусревие) медресесі | Халеп | 1545-1546 | Медресе | Дінтану лицейі | ||
Ағзам Имам Әбу Ханифа мешіті | Бағдат | 1534-1535 | Мешіт | Мешіт | ||
Ағзам Имам Әбу Ханифа теккесі | Бағдат | 1534-1535 | Сопылар үйі | Сопылар үйі | ||
Мақтұл Аяз паша мешіті | Басра | Мешіт | Мешіт | |||
Әл-Харам мешітіндегі қосымша жұмыстар | Мекке | Мешіт | Мешіт | |||
Мұрат паша мешіті | Бағдат | 1570-1571 | Мешіт | Мешіт | ||
Соколлы Мехмет паша (Дрина) көпірі | Вишеград | 1577-1578 | Көпір | Көпір | ||
Сұлтан Сүлеймен (Селимийе) медресесі | Дамаск | Медресе | ||||
Сұлтан Сүлеймен имареті | Дамаск | Имарет |
Мимар Синан университеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мимар Синан университеті 1882 жылы археолог, сәулетші, суретші Осман Хамди бейдің ықпалымен Санайы Нефисе мектебі (түр. Sanayi-i Nefise Mektebi) деген атпен құрылған. 1883 жылдың 2 наурызында 8 мұғалім 20 оқушымен дәріс беруін мектеп ретінде бастаған. 1914 жылға дейін мектеп ретінде жұмыс істеп келді. 1928 жылы Көркемөнер Академиясы болды. Бұл Түркиядағы бірден-бір жоғарғы оқу орны болды. 1969 жылы Ыстамбұл Көркемөнер Академиясы болып өзгертілді. 1982 жылы Мимар Синан университеті болып атауы өзгертілді. 2003 жылы Мимар Синан көркемсурет университеті болып өзгертілді.
1959 жылдан бері университет 4 жылдық бағдарлама бойынша білім береді[28].
Осман Хамди бейдің басшылығындағы Санайы Нефисе бастауыш мектебінің сол кездегі кадрлары:
- Осман Хамди бей (директор)
- Осман әпенді
- Александре Валаури
- Сальвадор Валери
- Варния Зарзески
- Аристоклис әпенді
- Қаймақам Хасан Фуат бей
- Қолағасы Жүсіп Рами әпенді
- Мосио Напиер
Синан кратері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Меркурийде орналасқан Синан кратерінің диаметрі 147 км. Йейтса кратерінің солтүстік-шығысы мен Ли Бо кратерінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Координаттары: 15,5 ° с.е., 29,8 ° ш.б.. Кратерге Синанның есімі 1976 жылы Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен берілді[29][30].
Мимар Синанның мазары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Синанның мазары Ыстамбұлда Сүлеймение мешітінің жаңында, Халич тарапында орналасқан. Мазарында "Бұл жаһаннан пір Мимар Синан кетті", түрік тілінде “Geçdi bu demde cihandan pir-i mimaran Sinan” деп жазылған.
Түрік тіліндегі жазуларды математикалық жолмен есептесе Мимар Синанның дүниеге келген және қайтыс болған жылдары шығады. Кайсери 1490 – Стамбұл 1588 (Һижри жыл санағы бойынша 996)[31].
Сүлеймение мешітінің ескі ағалар қақпасының бұрышында, үш бұрыштың бұрышы тәрізді екі жолдың қиылысында орналасқан Мимар Синанның мазары Синанның көзі тірісінде, қайтыс болудан біраз бұрын өзі салдырған.
1933 жылы сәулетші Мимар Уасфи Егелінің басшылығымен жаңғырту жұмыстары жасалған[31].
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Сүлеймение мешіті, сол жақта — Дамат Рүстем паша мешіті.
-
Сүлеймение мешітінің ішкі көрінісі.
-
Мимар Синан мазары.
-
Селимие мешітінің күмбезі.
-
Михримах сұлтан мешіті.
-
Дамат Рүстем паша мешітінің ішкі көрінісі.
-
Хасеки Хүррем сұлтан моншасы.
-
Шаһзада мешітінің ішкі көрінісі.
-
Қылыш Әли паша мешіті.
-
Соколлы Мехмет паша мешіті.
-
Вишеград көпірі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Saoud (2007), p. 2
- ↑ Wilkins (1993), p. 826
- ↑ Encyclopedia Britannica online : Mimar Sinan
- ↑ Авторы: Alexander Speltz, David O’Conor «Styles of ornament: exhibited in designs and arranged in historical order with descriptive text.» стр 647 Издатель Regan Publications, 1928 Стр. 215
- ↑ Orhan Pamuk, Maureen Freely «The black book» стр 466 ИздательVintage International/Vintage Books, 2006 г. ISBN 1400078652, ISBN 9781400078653 p351 Sinan, Turkey’s greatest-ever architect,' was really an Armenian from Kay- seri
- ↑ Frederick Albert Richardson «The International quarterly»(том 5) Издатель Fox, Duffield & Company, 1902 г. p160 The marvelous mosque of Suleiman, the Ottoman Santa Sophia, is the work of the architect Sinan, of Armenian origin
- ↑ Richard G. Hovannisian «The Armenian People from Ancient to Modern Times» (том 2) Издатель Palgrave Macmillan, 2004
- ↑ Clark University (Worcester, Mass.)"The Journal of international relations" том 7 Издатель Clark University, 1917 г. p458 Armenian architect, Sinan, who designed and built the famous Mosque of Adrianople, and the Mosque of Suley- man in Constantinople.
- ↑ a b Herbert Joseph Muller: «The loom of history» стр 495 Издатель New American Library, 1961 г. p439 Sinan, the greatest of Ottoman architects, seems to have been an Armenian —though it is almost a criminal offense in Turkey today to mention this probability
- ↑ John Gloag «Enjoying architecture» стр96 Издатель Oriel Press, 1965 г. p32 the Magnificent, designed by Sinan, an Armenian architect, and built in five years
- ↑ John Gloag «Architecture» стр197 Издатель Cassell, 1963 p85 the great mosque of suleyman the Magnificent was designed by Sinan, an Armenian architect, and built from 1550 to 1555, with a central dome 86 feet in diameter and 156 feet high
- ↑ Cecil Stewar «Serbian legacy» стр135 Издатель G. Allen and Unwin, 1959 г. p98 But only one architect is remembered — Mirmar Sinan, the Armenian, who was a contemporary of Michelangelo and whose greatest work was the Suleiman Mosque at Constantinople. He was also the architect of the Begova Mosque at Sarajevo
- ↑ Kouymjian, Dickran. «Armenia from the Fall of the Cilician Kingdom (1375) to the Forced Emigration under Shah Abbas (1604)» in The Armenian People From Ancient to Modern Times, Volume II: Foreign Dominion to Statehood: The Fifteenth Century to the Twentieth Century. Richard G. Hovannisian (ed.). New York: Palgrave Macillan, 1997, p. 13. ISBN 0-312-10168-6.
- ↑ «Although Sinan is usually identified by authors as „an Ottoman architect“ or as „a Christian forced by the Ottomans to serve in the Janissary corps“, or sometimes as a Greek or probably a Greek, he can be identified as an Armenian through a document in the imperial archives and other evidence.» — Armenian Constantinople; Architects, Craftsmen, Weavers: Armenians and Ottoman Art. UCLA — (University of California, Los Angeles). — «Несмотря на то, что обычно Синана идентифицируют как „османского архитектора“ или как „христианина, вынужденного османами служить в янычарских подразделениях“, иногда греком или „возможно, грека“, он в документе имперского архива, как и в других свидетельствах, определяется армянином.» — Армянский Константинополь; Aрхитекторы, ремесленники, ткачи: армяне и османское искусство. УКЛА — Калифорнийский университет в Лос-Анджелесе.
- ↑ Byzantium and the Magyars, Gyula Moravcsik, Samuel R. Rosenbaum p. 28
- ↑ Talbot Hamlin, Architecture Through the Ages, University of Michigan, p 208
- ↑ Goodwin Godfrey, «A History of Ottoman Architecture»; Thames & Hudson Ltd., London, reprinted 2003; ISBN 0-500-27429-0
- ↑ Sinan (in Dictionary of Islamic Architecture) Мұрағатталған 12 қаңтардың 2012 жылы.
- ↑ Глеб Шульпяков. Книга Синана
- ↑ Konyalı,age, 150-53.
- ↑ a b Mimar Sinan ve çağı. Prof. Dr.Doğan KUBAN / Mimar
- ↑ http://e-tarih.org Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
- ↑ Konyalı,age, 112-13.
- ↑ Çelebi, Sai Mustafa (2004). Book of Buildings : Tezkiretü'l Bünyan Ve Tezkiretü'l-Ebniye (Memoirs of Sinan the Architect). Koç Kültür Sanat Tanıtım ISBN 975-296-017-0
- ↑ a b "Mimar Sinan'ın eserleri listesi"
- ↑ Түрік Уикипедиясы
- ↑ Мимар Синанның салдырған ғимараттары
- ↑ Мимар Синан университеті ресми сайты Мұрағатталған 28 қазанның 2014 жылы.
- ↑ USGS Astro: Planetary Nomenclature: Feature Data Search Results. USGS Gazetteer of Planetary Nomenclature Feature Information. Тексерілді, 27 қазан 2007.
- ↑ NASA World Wind 1.4. NASA Ames Research Center, 2007.
- ↑ a b Мимар Синанның мазары жөндеуден өтті Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2011 жылы.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Мимар Синан
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Mimar Sinan |
- Mimar Sinan founder of this Foundation - with a picture of his last will and proof of his original name Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2009 жылы. (Түрікше)
- Pictures of the city of Edirne, with many pictures of the Selimiye Mosque
- A map and a short guide for Sinan's works in Istanbul Мұрағатталған 26 сәуірдің 2006 жылы. (Түрікше)
- Photos of some Sinan mosques in Istanbul Мұрағатталған 14 сәуірдің 2006 жылы.
- Map of some Sinan mosques in Istanbul Мұрағатталған 27 сәуірдің 2006 жылы.
- Master Builder of the 16th Century Ottoman Mosque
- Respect to Sinan Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2007 жылы. (tribute site)
- Mimar Sinan Bridge in Büyükçekmece Мұрағатталған 27 шілденің 2009 жылы.
- The Ottoman architect who linked East and West
- Peerless Turkish architect claimed to be headless in tomb Мұрағатталған 17 шілденің 2011 жылы.
- Mimar Sinan's life and works Мұрағатталған 2 маусымның 2011 жылы. (Түрікше)
- Britannica
- Mimar Sinan Мұрағатталған 2 маусымның 2011 жылы. Eserleri ve hayatını konu alan site (Түрікше)
- Mimar Sinan Türbesi Restorasyonu Başladı Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2011 жылы.
- العثمانيون في التاريخ والحضارة محمد حرب
- موسوعة الحضارة من إسلام أون لاين.نت