Мырза Әлиакпар Таирзаде

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сабир (лақап аты; шын аты-жөні — Мырза Әлиакпар Таирзаде) (әз. Mirzə Ələkbər Zeynalabdin oğlu Tahirzadə) (31. 5. 1862, Шемаха қаласы,—25. 7. 1911, сонда) — азербайжан ақыны. Саудагер семьясында туған. Әуелі молдадан оқып, араб, парсы тілдерін үйренді, кейін жадид мектебінде оқыды. Өлең жазуды мектепте бастады. Лирикалық газелдер жазды, Шығыстың классик ақындарының шығармаларын аударды. 1905 жылғы революция Мырза Әлиакпар Таирзаде көзқарасы мен өнерін үлкен әсер етті. Оның шығармаларында азаматтық әуен, әлеуметтік сарын («Интернационал» өлен: т. б.) күшейді. «Молла Насреддин» атты журналға белсене қатысып, сатиралық шығармаларын жариялады. Журнал редакторы Ж. Мамедкулизаде және басқа да авторлармен бірге Мырза Әлиакпар Таирзаде азербайжан әдебиетінде жаңа әдеби мектеп ашты, сатираны биік белеске көтерді, оның әшкерелеушілік әсерін арттырды. Мырза Әлиакпар Таирзаде көптеген сатиралық шығармаларында қоғам өміріндегі әділетсіздік пен қайшылықтарды өткір шенеп көрсетті. Мырза Әлиакпар Таирзаде шығармалары КСРО халықтарының көптеген тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне де (жекелеген сатиралық өлеңдері) аударылып басылды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том