Мұхаммед Гури
Мұхаммед Гури, Муиз-ад-дин Мұхаммед, Шихаб-ад-дин Мұхаммед — 12-ғасырдың соңғы кезеңінде бүкіл Солтүстік Үндістан, Ауғанстан және Пәкістанның орасан зор территориясын жаулап алып, Гурилер державасының негізін қалаған ауған генералы, мұсылман билеушісі.
Оның әу бастағы есімі - Муиззиддин Мұхаммед бин Сам. Тарихта горлық (Ауғанстанның Гор қаласынан шыққан деген мағынада) Мұхаммед деген есіммен де белгілі.
1160 жылы Гурилер әулеті Ғазниді жаулап алды да, 1173-1206 жылдар аралығында Мұхаммед Шахаб-уд-дин Гури осы Ғазнидың билеушісі болып тағайындалды. Гуридің негізгі мақсаты - өзінің империясын кеңейту болатын. Билігі тұсында Мұхаммед өзіне мұра ретінде қалған әскерін барынша күшейтіп үлгерді. Ол жауынгерлерді көшпенді тайпалар мен халық арасынан жасақтады. Мұхаммед алдымен үнді субконтинентінің солтүстік-батыс аудандарына бірнеше рет шабуыл жасады. Алғаш рет ол қазіргі үндістандағы Харьяна штаты маңында болған Тараин шайқасында бірінші рет жеңіліс тапты.
Мұхаммед Гури өзінің Үндістанға алғашқы жорығын 1175 жылы бастады. Ол Ғазнауилер әулетінен шыққан Пенджаб билеушілерін жеңп, үлкен олжаға кеңелді. 1179-1191 жылдар аралығында Мұхаммед Гури ұлан-байтақ Пенджабты өз қол астына жинады.
1206 жылы Гури Лахордағы көтерілісті басуға аттанып, Ғазниге кері қайтар жолда кешкі намазын оқып жатқан жерінде өлтірілді.