Мұхаммед Әли Мысырлық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Мұхаммед Әли (айрық) деген бетті қараңыз.


Мұхаммед Әли Паша

Wāli of Мысыр, Судан, Палестина, Сирия, Hejaz, Morea, Thasos, Крит


An 1840 portrait of Muhammad Ali Pasha by Auguste Couder
Билеген 17 мамыр 1805 – 2 наурыз 1848
албания Mehmet Ali Pasha
араб محمد علي باشا
Түрік Kavalalı Mehmet Ali Paşa
туған 4 наурыз 1769
Birthplace Kavala, Македония, Рум елі уәлаяты, Ottoman Empire (present-day Greece)
Өмірден озды 1849 ж. тамыздың 2 (80 жаста)
Place of death Ras el-Tin Palace, Александрия, мысыр
Buried Mosque of Muhammad Ali, Cairo Citadel, Egypt
Ізашары Ahmad Khurshid Pasha
Ізбасары Ibrahim Pasha
Wives Emina of Nosratli
Madouran
Ayn al-Hayat
Montaz
Mahivech
Namchaz
Ziba Hadidja
Chams Safa
Shama Nour
Әулеті Міхаммед Әли әулеті
Father Ibrahim Agha
Mother Zeinab
Religious beliefs Ислам[1] (Hanafi)

Мұхаммед Әли, Мехмет Али (1769, Македония, Кавала қаласы – 2.8.1849, Александрия) – Египет билеушісі (1805 – 1849), 1952 жылға дейін Египетті билеген әулеттің өкілі. Түркияның Францияға қарсы Египеттегі соғысына (1799 – 1801) түрік армиясындағы албан жасағының қолбасшысы ретінде қатысты. 1805 жылы өзін уәли деп жариялап, түріктер мен жергілікті мәмлүктерді жеңіп, іс жүзінде тәуелсіз Египетті құрды. Ол Францияға сүйеніп, елде реформа (жер, әскер, ағарту ісі, сауда, т.б. салаларда) жүргізді. Барлық жерді мемлекет қарамағына алды. Бірақ оны 1829 жылы өз жақындарына бөліп бере бастады. Елді басқару жүйесін қайта құрып (1816 – 1820), шетел (негізінен француз) мамандарын кеңінен пайдаланды. Египет жастарын білім алу үшін шетелдерге жіберді. Еуропалық үлгідегі тұрақты әскер мен теңіз флоты, орта және жоғарғы оқу орындары, өндіріс орындары ашылып, Египет қайтадан дами бастады. Мұхаммед Әли 1820 – 1830 жылы Арабияны, Суданды, Палестинаны, Сирияны, Крит аралын, Кіші Азияның бір бөлігін түріктерден тартып алды. Бұл соғыста оны Ресей, Англия, Франция мемлекеттері қолдады. Бірақ 1821 – 1829 жылы болған грек көтерілісін басуға түрік сұлтанына көмектескені үшін аталған мемлекеттер Мұхаммед Әлидің теңіз флотын талқандап, әскерін Грекиядан шығаруға мәжбүр етті. Кейіннен ол Батыстың көмегі арқасында түрік сұлтанымен соғысты әрі қарай жалғастырды. Жеңіліске ұшырап, 1840 жылы Суданнан басқа жерлердің бәрінен айырылды. Елдің әскери күштері қысқартылды, шетел саудагерлеріне жеңілдіктер беріліп, Батыс елдері Египетке үстемдік жүргізе бастады. Оның ұрпақтары 1952 жылдың 23 шілдесінде болған әскери төңкеріске дейін билік басында отырды.[2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұхаммед Әли Клэй(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Albert Hourani et al., The Modern Middle East: A Reader, (University of California Press: 2004), p.71
  2. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.