Мәрмәр теңізі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ыстанбұлдық Адалар аймағы. Бююкада аралындағы порт.

Мәрмәр теңізі [1] түр. Marmara, аты ақ мәрмәрдің бай өндірісі болған аралға байланысты шыққан, грекше Пропонтида (Propontіs, pro — алдыңғы және pontos — теңіз) — Атлант мұхитының Еуропа мен Кіші Азияның аралығындағы жерорта теңізі. Солтүстігінде Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, оңтүстігінде Дарданелл бұғазы арқылы Эгей теңізімен жалғасады. Ауданы 11472 км². ұзындығы 280 км, енді жері 80 км. Суының орташа көлемі 4 мың км3, ең терең жері 1273 м. Еуропа, Азия және Африка құрылықтарын бөліп тұратын жер қыртысының ірі жарылыстарынан пайда болған. Ірі аралдары — Мәрмәр, Принц, тағыда басқа. Ердек, Бандырма, Гемлік шығанақтары бар. Мәрмәр теңізіне Симав, Қожабаш өзендері құяды. Суы қатпайды, беткі қабатының орташа температурасы 9ӘС, ал жазда 29ӘС-қа дейін жетеді. Мәрмәр теңізінің гидрологиялық режимі бұғаздары арқылы Қара және Эгей теңіздері суының алмасуына байланысты. Тұздалуы солтүстігінде 20%, оңтүстігінде 25 — 26%. Флора мен фаунасы Жерорта теңізіне ұқсас. Теңізден балық (скумбрия, сардины, тағы да басқа) ауланады. Мәрмәр теңізі арқылы Қара теңізден Жерорта теңізіне өте маңызды су жолдары өтеді. Жағалауында Ыстанбұл, Ізмір портты қалалары және курорттар орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы