Назофарингит
Үлгі:Infobox disease Назофарингит (ринофарингит, риновирусты инфекция, немесе риноназофарингит, эпифарингит[1], күнделікті өмірде: тұмау) — жоғарғы тыныс жолдарыныӊ шырышты қабығыныӊ талаурап қабынуы, себебі болып көбіне аӊқаныӊ бактериалды немесе вирусты инфекциялық қабынуы болып табылады[2]. Сонымен қатар бұл ауру – сырқатқа асқынған және инфекциялық ринит, ринореяны жатыстырады). Көп мемлекеттерде ОРВИ еӊ кеӊ таралған инфекциялық ауру болып табылады. Жылына орта есеппен ересек адамдар 2—3 рет, балалар 6—10 рет ауырады[3].
Этиологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Назофарингит, жоғарыда айтылғандай, көбіне вирусты немесе бактериалды этиологияда болады. Созылмалы назофарингиттың қоздырғыштары әдетте бактериалды, кейде грибок инфекциясы болып табылады. Дегенмен бастапқы себебі әрқашанда вирусты инфекция болады.
Инфекциялық қоздырғыштары болып көбіне риновирустар, бактериялардан — стрептококктар, стафилококктар, диплококктар (оныӊ ішінде менингококктар), пневмококктар және басқа да микрофлора болып табылады. Бұлардыӊ бәрі қалыпты жағдайда аӊқада қауіпсіз патогенді емес формада кездеседі.
Созылмалы назофарингиттің негізгі себептері толық емделмеген назофарингит, аңқаның құрылысыныӊ жеке аномалды ерекшеліктері, жиі тоңу, жүректіӊ, бауырдыӊ, бүйректіӊ аурулары, инфекциялар, шаң мен газдардыӊ әсері, алкоголь және темекі шегу болып табылады.
Белгілері мен симптомдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әдетте назофарингит дене қызуынан (37,5°С—38,0°С) басталады. Сонымен қоса, бас аурумен, тамақтың жыбырлауымен, жұтынғанда ауырғанымен, мұрын бітуімен, мұрынмен тыныс алуының қиындауымен сипатталады[4]. Жалпы аңқада жайсыздық, құрғақтық, жегідей жеу, мазалап, кейде желке тартып, құлақ шулап, есту қабылеті төмендейді. Сонымен бірге әлсіздік, адинамия, бозарыңқылық, тамақтың қызаруы мен ісінуі және аңқаның артқы қабырғасында өңездің жиналуымен сипатталады.
Кейде ересек адамдарда назофарингит қызусыз өтеді. Балаларда қызу реакциясы өте қатты айқындалады.[5].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ John, Pramod R. John Textbook of Oral Medicine — Jaypee Brothers Publishers, 2008. — P. 336. — ISBN 9788180615627.
- ↑ БСЭ: Катар (мед.) — 1969—1978. Мұрағатталған 13 желтоқсанның 2014 жылы.
- ↑ What а Common Cold Is Мұрағатталған 21 мамырдың 2015 жылы.
- ↑ Нисевич Н. И., Учайкин В. Ф., Инфекционные болезни у детей, 1-е изд,М., Медицина, 1990, 624 бет, Учебная литература для студентов медицинских институтов,sbn 5-225-01635-9,тираж 30&
- ↑ Eccles R (қараша 2005). "Understanding the symptoms of the common cold and influenza". Lancet Infect Dis 5 (11): 718–25. doi:10.1016/S1473-3099(05)70270-X. ISSN 1473-3099. PMID 16253889.