Нанотүтік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Нанотүтік -диаметрі бірнеше нанометр, ал ұзындығы оншақты микрон болаты милиондаған кеміртегі атомынан тұратын молекула. Нанотүтік (грек. nanos – ергежейлі және түтік) . Адамның шашының қалыңдығынан 100 мың есе аз нанотүтіктер сирек кездесетін өте берік материал болып шықты. Олар болаттан 50-100 есе берік, әрі тығыздығы алты есе аз.

1991 жылы профессор Сумио Иидзима ұзын көміртекті цилиндр-нанотүтікті баиқаған. Қазіргі уақытта мұндай түтікшелер кремнийден және нитридтен де жасалады.

Қолдану аясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нанотүтіктерден косманавттар, өрт сөндірушілерге арналған ыңғайлы киімдер тігу үшін, өте берік және жеңіл композиттік материал, микроскопқа зонд жасауға болады. Олар өзінің салмағынан бірнеше тонна артық жүкке шыдайды. Ғалымдар соңғы кезде нанотүтіктің ішіне басқа дененің атомдарын енгізіп, олардың қасиеттерін (тіпті изоляторды өткізгішке) езгертуге болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Микроприборларда оларды сым ретінде қолданса, таңқалатыны, бойымен тоқ жүргенде жылу белінбейді.

Нанотүтік болашағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нанотүтіктер газды (әсіресе сутегі) сақтауға қауіпсіз материал. Автомобилдерге жанғыш элемент ретінде сутегіні пайдаланса, ол бензинге қарағанда экологиялықтаза элемент, алайда сутегі мелшері үлкен балонды қажет етеді. Ал машиналарға ауыр балондарды салу олардың жылдамдығын азайтатын еді. Мүмкін болашақта автомобилдерге сутегімен толған нанотүтіктер қолданатын шығар. Нанотүтіктер жетістігінің мысалы ретінде ИБМ фирмасының лабораториясында алғаш Бихи мен Рорер жасаған сканирлейтін тунелді микроскопты (СТМ) айтуға болады. Бұл микроскоптың кемегімен алғаш алтын, сосын кремний бетінің атом деңгейіндегі суретін алған. СТМ-нің жұмыс органы тоқ еткізетін металдық ине тәрізді - зонд. Зонд зерттелетін үлгі бетіне ете жақын ара қашықтықта(Н"0,5 нм) қойылады, нәтижесінде зонд пен үлгі арасында беттің күйіне байланысты езгеріп отыратын тунелдік тоқ пайда болады. Осылайша, тунелдік тоқтың өзгеру шамасын өлшей отырып немесе керісінше оны тұрақты етіп (зондтың төмен жоғары қозғалта отырып) беттің сканирлеп, компьютерде оның суретін алуға болады. Бұл әдіс тек атомдық құрылымдарды зертеумен шектелмей, денелердің физикалық қаситеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Тіпті қазіргі СТМ жеке атомдарды алып, оларды жаңа орынға тасуға, атомдық жинақ жасауға мүмкіндік береді

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]