Насыруддин әт-Туси

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту



Әбу Жафар Ат-Туси محمد بن محمد بن الحسن الطوسی
Дүниеге келгені: Ақпанның 18-і 1201
Тус қаласы
Қайтыс болғаны: Маусымның 25-сі 1274
Бағдат
Мансабы: астрономия, математика, философия, география, музыка, оптика, медицина, минералогия

Әбу Жафар Ат-Туси, Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Хасан Әбу Бәкр Насреддин ат-Туси (18.2.1201, Орта Азияның Тус қаласы, — 25.6.1274, Бағдат) — математик, философ, астроном, әдебиет зерттеушісі.

1256 ж. Хулагу ханның ордасына келіп, оның ақылшысы болған. Әзірбайжандағы әйгілі Мараға обсерваториясының негізін қалаған. Осы обсерваторияның ғалымдары Әбу Жафар Ат-Тусидің басшылығымен “Зидж Елхани” деп аталатын астрономиялық еңбек жазды. Әбу Жафар Ат-Тусидің көрнекті математикалық еңбектерінің бірі “Толық төртбұрыш туралы трактат” деп аталады. Мұнда тригонометрия тұңғыш рет өз алдына дербес пән ретінде баяндалады. Ол “Евклидті баяндау” деп аталатын шығармасында евклидтік емес геометрияның даму тарихында үлкен орны бар жаңалықтар ашты. Әбу Жафар Ат-Туси Архимедтің “Шар және цилиндр туралы” т.б. еңбектеріне талдау жасап, оның идеяларын ілгері дамытты. Әбу Жафар Ат-Тусидің еңбектері орта ғасырларда-ақ Еуропада кеңінен мәлім болды. Сөйтіп ол математика мен астрономияның дамуына игілікті ықпал етті. Ол Кухстанды билеуші Исмаил әулетінің сұрануымен этикалық тақырыпта “Ахлақи Насыри” атты еңбек жазды. Оның Әбу Наср әл-Фараби мен Әбу Әли ибн Синаның ғылыми-философиялық еңбектеріне жазған түсініктері құнды дүние болып саналады. Әбу Жафар Ат-Тусидің “ Асас әл-иктибас” атты логикалық кітабының 10-тарауы мен “Мизан әл-ашар” атты еңбегі поэзияның мәні мен өлшемдері, ұйқасы туралы жазылған. Сондай-ақ осы кітапта ол Мұхаммед Садуллахтың “Мизан әл-афкар” (1883 ж. жарияланды) атты кітабына түсінік береді.[1]


Nasir al-Din al-Tusi(1201~1274) Толық аты: Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн ал-Хасан ат-Туси. оның аты тарихта бірнеше атпен сақталған, мысалға Хожа уи Туси, не Хожа Насир. Сурет:Al-tusi nasir 2.jpg Ол 1201 жылғы 18 ақпанда қазіргі Иранның Хорасан аймағына қарайтын Тус қаласында дүниеге келген. Ол туған кез моңғол империясының шарықтап дамып, бір елден кейін екінші елді жаулап ала бастаған кезіне тура келді. Ақыр түбінде моңғолдардың билігіне Қытайдан бастап шығыс Европаға дейінгі елдердің бәрі қарап болған кез еді. моңғол империясы қол астына кірген жердегі мәдени ошақтар мен ғылым ордаларының біразын қиратты, әсіресе, сол кездегі ислам әлемінің ғылым ордалары көп шығынға батқан кез еді. Ал Тусидың әкесі сол жердегі он екінші медресенің заң жөніндегі кеңесшісі болған. Он екінші медресе сол кездегі шиит мұсылмандарының діни оқуы мен уағыздарын жүргізетін маңызды орын болған. (al-tusi_nasir_4.jpg) Туси осы жерде діни сауатын ашып, өзінің нағашы ағасынан жаратылыстану бойынша көптеген дәрестер алады. Бұлардың ішінде логика, физика, метафизика және математикалар да болды, бірақ ерекше ден қойып үйренгені алгебра мен геометрия еді. 1214 жылы Шыңғысхан жаулап алуының бағытын Қытайдан шығыс Европаға қарай бұрды да, сол кезде ислам әлемінде біраз кеңшілік болды, осыны жақсы пайдаланған Туси 13 жасқа келген шағында Тус қаласынан 75 км қашықтықтағы Нишапурге кетеді. Нишапур білім қуған жасқа шөлін басар бұлақ іспетті болды, қалада көптеген оқымыстылармен қатар көптеген материалдар, математикалық трактаттар молынан табылатын, осы жерден ол медицина, философия және математиканы беріле оқиды. Шығыстың атақты ғұламалары Әл-Фараби, Әл-Бируни, Әл-Хорезми, Омар Хайямның және басқа да даналардың шығармаларнан сусындайды. Оған математиканы Камал ал-Дин ибн Жүніс (атақты математик Шараф ал-Дин ал-Тусидің оқушысы) өтеді. Кейіннен 1256 жылдары ол Аламут қаласына келіп сол жерде ғылыммен және орда жұмысымен айналысады. Ол біраз шығарма жазған, бірақ, өмірінің көп бөлігін көшіп-қонумен өткізген ғұламаның бізге жеткен шығармасы аз, ең алғашқы трактаты 1232 жылы жазылған «Ахлақ-и насри» (Akhlaq-i nasiri), бұл трактатта математика, философия, логика мәселерімен қатар астрономия мәселелері де қаралған. Ғұлама 1274 жылы 26 маусымда Бағдатка жақын жердегі Кадимайн деген жерде қайтыс болды. Нәсір ад-Дин ат-Туси – Птолемей идеяларына қарсылық білдірген ғалымдардың бірі болды. Ол да басқалар секілді Птолемей көзқарастарының маңызды маңызды қателіктеріне көңіл бөлді. Нәсір ад-Дин ат-Туси Птолемейдің планеталар Жер құрылғысын айналады деген теориясын сұраққа алды. Тусидің көзқарасы Ислам әлемінде, әсіресе оның батысындағы Андалузияда басқа мұсылман ғалыммен расталды. Нәсір ад-Дин ат-Тусиден кейін басқа мұсылман ғалымдар, атап айтқанда Әбу Райхан Бируни, Ибн Хайсам және басқалар Птолемей көзқарастарын сынады. Теорияшылдардың көбісінің пікірінше, Кеплер мен Коперник өз жобаларын мұсылман ғалымдар, әсіресе Нәсір ад-Дин ат-Тусидің көзқарастарына сүйенген

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1