Николай Андреевич Римский-Корсаков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Николай Андреевич Римский-Корсаков [6(18). 3.1844, Тихвин қаласы, Новгород губерниясы — 21.6.1908, Любенск усадьбасы, Псков облысыРесей композиторы, дирижер.

Теңізшілер кадет корпусында оқыған (1856 — 62). 1858 ж. пианист Ф.А. Канилледен дәріс алған Р.-К. кейіннен М.Балакиревтің “Жасампаз топ” шығармалық үйірмесіне қатысты, музыкалық танымы, бағыты, эстетикалық көзқарасы қалыптасты. Ол Балакиревтің ықпалымен 1-симфониясын (1861 — 65) жазды. 1867 ж. “Серб қиялы” және “Садко” музыкалық суреттемесі мен бірқатар романстар жазған. 1868 ж. “Антар” 2-симфониясын, 1872 ж. “Псков қызы” операсын дүниеге әкелді. “Орыстың 100 халық әні” (1875 — 76), “40 әуен” (1875 — 82), “Мамыр түні” (1878 — 79), “Ақшақар” (1880 — 81) және “Таз Таудағы түн” (1886) шығармалары жарық көрді.

Кейіннен оркестрге арналған “Ертегі” (1879 — 80), оркестрге арналған фортепианолық концерттер (1882 — 83), симфониетта (1884 — 85), сондай-ақ шығармашылық шыңы — “Испан каприччиосы” (1887) мен “Шехеразада” (1888) жазылды. “Рождество алдындағы түн” (1894 — 95), эпикалық “Опера-былина”, “Садко” (1893 — 96), камералдық опера “Моцарт және Сальери” (1897), бір актілі “Бояр әйел Вера Шелога”, “Патша қалыңдығы” (екеуі де 1898), “Ажалсыз Кощей” (1902) опералары дүниеге келді. Р.-К. жазған “Оркестрлеу негіздері” және “Тәжірибелі Гармония оқулығы” атты еңбектері өзінің ғылыми-педагогикалық маңызын осы күнге дейін жоймай келеді.

Николай Римский-Корсаков Новгород губерниясындағы Тихвин қаласында таған. Римский-Корсаковтердің отбасылық баспанасы Тихвинка өзенінің жағалауында, Богородич Успен шіркеуіне қарама-қарсы орналасқан. Композитордың әкесі, Андрей Петрович Римский-Корсаков (1784—1862), біршама уақыт бойы новгородтық вице-губернатор қызметін атқарған, кейін волындық азаматтық губернатор қызметіне ауысты; анасы, Софья Васильевна, крепостнойлық шаруа әйелі мен Скарятин атты бай помещиктің қыздары болған. Композитордың болашағына оның үлкен ағасы, теңіз офицері, болашақ контрадмирал Воин Андреевич қатты әсер етті.

6 жасында ол үйде білім алып, фортепианода ойнай бастады, бірақ музыка балаға кітаптарға қарағанда әлдеқайда үлкен әсер етті. Соңғылардан оған шіркеу әндері ұнайтын. Сонымен қатар орыстың ұлттық әндеріне қызығушылығы артты. 11 жасында ол өзінің алғашқы музыкалық шығармаларын құрастыра бастады.

Милий Алексеевичтің әсері мен басшылығының арқасында Римский - Корсаковтың ең алғашқы үлкен шығармасы қолға алынды, атауы — Алғашқы симфония. Композитордың өзінің айтуы бойынша, симфонияның алғашқы нұсқасы оның Каниллада оқып жүрген кезінде жасалып қойған. Бірақ шығарманы нақты қолға алу тек 1861—1862 жылдары іске асты. 1862 жылдың мамыр айына таман симфонияның алғашқы бөлімін, скерцосын және соңын шығарып, оркестрледім, дейді.

1890-жылдардың басына қарай композитордың шығармашылық қызметі аздап төмендеді: бұл кезеңде ол философияға қызықты, мақалалар жазды, сонымен қатар өзінің ескі шығармаларының кейбіреулерін қайта қарастырып, өзгертті. Кейін оның шығармашылығы қарқындылық жолына түсті: бірінен сон бірі түрлі опералары шығарыла бастады «Рождествоның алдындағы түн» (1895), «Садко» (1896), «Моцарт және Сальери» (1897), «Псковитянка» және «Корольдік қалыңдық» операларына пролог (Мей бойынша, 1898).

1908 жылдың 8 [21] маусымында Любенск қаласында, қала сыртындағы қоныста қайтыс болды. Ол жерде қазір композитордың қайта құрастырылған екі қонысы – Любенскідегі үй мен 1907 жылға дейін тұрған Вечашадағы үйінің біріктірілген мемориалды мұражайлық кешені орналасқан.

Педагогикалық қызметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Римский-Корсаков композиторлық мектептің негізін қалаған, оның оқушыларының ішінде шамамен екі жүз шақты композиторлар, дирижёрлер, музыкатанушылар, солардың ішінде Фёдор Акименко, Николай Амани, Антон Аренский, Николай Арцыбушев, Мелитон Баланчивадзе, Семён Бармотин, Феликс Блуменфельд, Юлия Вейсберг, Язепс Витол, Александр Глазунов, Михаил Гнесин, Александр Гречанинов, Василий Золотарёв, Михаил Ипполитов-Иванов, Андрей Казбирюк, Николай Лысенко, Анатолий Лядов, Витольд Малишевский, Николай Малько, Эмиль Млынарский, Николай Мясковский, Александр Оссовский, Сергей Прокофьев, Отторино Респиги, Николай Соколов, Александр Спендиаров, Игорь Стравинский, Александр Танеев, Николай Черепнин, Максимилиан Штейнберг сынды тұлғаларды атап өтуге болады.

Шығармалар тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Опералары:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Псковитянка
  • Мамыр түні
  • Ақша қар
  • Млада

Симфониялық шығармалары:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Симфония № 1
  • Ертегі (симфониялық пьеса)
  • Симфония №2
  • Симфониетта
  • Үш орыс өлеңдері тақырыбына жазылған увертюралар

=== Вокалдық шығармалары ===:

  • Шамамен 80 романс
  • Хорлар
  • Ұлттық өлеңдердің өңделген жинақтары (40 және 100 өлең)

=== Кітаптар ===:

  • Менің музыкалық өмірімнің жылнамасы
  • Гармонияның тәжірибелік оқулығы
  • Негізгі оркестрліктер. [1][2][3][4][5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Римский-Корсаков Н. А. Менің музыкалық өмірімнің жылнамасы. — М., 1926.
  2. В. В. Стасов. Николай Андреевич Римский-Корсаков, 1890.
  3. Н. А. Римский-Корсаков және оның тарихтағы мұрасы: 2010 жылдың 19-22 наурызында болған халықаралық музыкалық конференциясының баяндамалар жинағы. Екі тілде. СПб., 2010. 456 c.
  4. Рацкая Ц. С. Н. А. Римский-Корсаков. Басылым 2-ші, перераб. — М., Музыка, 1977. — 112 с. 50.000 экз.
  5. Кунин И. Ф. Николай Андреевич Римский-Корсаков. (1844—1908). Изд. 3-е. — М., Музыка, 1988. — 160 с., ил. вкл. 50.000 экз. (Орыс және кеңес композиторлары). — ISBN 5-7140-0075-7

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Николай Андреевич Римский-Корсаков