Николай Иванович Петров
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Николай Иванович Петров (1928, Ресей). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы (1986). КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982). Мәскеу мұнай институтын бітірген (1951).
- 1951-1988 жылдары - Қазақ геофизика кеңсесінде инженер-интерпретатор, геофизикалық барлау бөлімінің аға инженері, сейсмикалық партия бастығы Гурьев геофизика экспедициясының бастығы, «Қазақстанмұнайгеофизика» тресінің бас инженері, «Қазақстанмұнайгазбарлау» басқармасында бас геофизик, «Ембімұнайгеофизика» тресінің басқарушысы.
- 1988 жылдан - дербес зейнеткер.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және медалдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|