Нормаль
Нормаль (фр. normal, лат. normalіs – түзу) – қисық сызықтың (беттің) берілген нүктесі арқылы өтетін және осы нүктедегі жанама түзуге (жанама жазықтыққа) перпендикуляр болатын түзу сызық.
Жазық қисық сызықтың әрбір нүктесінде осы қисықтың жазықтығында жататын Н-і болады. Егер қисық сызық жазықтықтағы тікбұрышты координаттарда y=f(x) теңдеуімен анықталcа және х0 нүктесінде f(x) дифференциалданатын болса, онда (x0, y0) нүктесіндегі Н. теңдеу (xx0)(yy0)f (x0)=0 түрінде болады. Кеңістікте қисық сызықтың әрбір нүктесі арқылы белгілі бір жазықтықты (нормаль жазықтық) құрайтын сансыз көп Н. өтеді. Жанасушы жазықтықта жатқан Н. бас Н. деп, ал оған перпендикуляр Н. бинормаль деп аталады. Н. ұғымы дифф. геометрияда, оптикада, механикада, т.б. маңызды рөл атқарады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |