Оливер Смитис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Оливер Смитис
ағылш. Oliver Smithies
Туған күні

23 шілде 1925 (1925-07-23)

Туған жері

 Англия Галифакс (Англия), Батыс Йоркшир, Англия

Қайтыс болған күні

10 қаңтар 2017 (2017-01-10) (91 жас)

Қайтыс болған жері

Чапел-Хилл, Ориндж, Солтүстік Каролина

Азаматтығы

 Ұлыбритания,  АҚШ

Ғылыми аясы

Биохимия, генетика

Жұмыс орны

Торонто университеті, университеті Солтүстік Каролина

Альма-матер

Баллиол Колледж (Оксфорд)

Несімен белгілі

эмбриондық бағаналы жасушаларды пайдаланып тышқандардағы ерекше гендік модификациялардың кіріспе қағидаларын ашқан

Марапаттары


Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (2007)

Оливер Смитис (ағылш. Oliver Smithies) (23 шілде 1925 Батыс Йоркшир, Англия - 10 қаңтар 2017 Чапел-Хилл, Ориндж, Солтүстік Каролина) ағылшын-американдық генетик, 2007 жылғы эмбриондық бағаналы жасушаларды пайдаланып тышқандардағы ерекше гендік модификациялардың кіріспе қағидаларын ашқаны үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты.

Оливер Смитис Галифаксте (Батыс Йоркшир, Ұлыбритания)дүниеге келген . Оның өз сөзінше ғылымға деген қызығушылығы радио және телескоппен ертерек танысуы әсер еткен. 1951 жылы оған магистр дәрежесі берілді, ал кейінірек физиология докторын алды. 1953 жылдан 1960 жылға дейін Смитис Торонто университетінің медициналық зерттеу лабораториясында, ал 1960 тан 1988 жылға дейін Висконсин-Мэдисон университетінің лабораториясында қызмет етті. 1988 жылдан ол Солтүстік Каролина университетінің патология лабораториясында және медицина лабораториясында профессор болып істеді. Ол өзінің дамытқан зерттеу әдістері арқылы тышқандарға генетикалық зерттеулер жүргізді.

Смитис пен Марио Капекки, бір-бірінен тәуелсіз, эмбрионалдық бағаналы жасушаларды арнайы гендік түрлендірілулер арқылы ашылулар жасады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марапаттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (2007)