Органикалық шыны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Полиметилметакрилат
Жалпы мәліметтері
IUPAC атауы

Полиметилметакрилат

Басқа атаулары

ПММА, PMMA, плексиглас, перспекс, акрил әйнегі

Химиялық формуласы

5H8O2)n

Физикалық қасиеттері
Күйі

қатты

Тығыздығы

1,19[1] г/см³

Беріктік шегі

қысу: 120 МПа[2]

Қаттылығы

Роквелл бойынша: 93[2]

Сыну көрсеткіші

1,4906[3]

Жылу қасиеттері
Балқу t

160[4] °C

Ыдырау t

360[2] °C

Өзіндігінен жалындану t

320[2] °C

Меншікті жылу сыйымдылығы

1260[2] Дж/(кг·К)

Жылу өткізгіштігі

0,19[2] Вт/(м·K)

Жылулық ұлғаю коэффициенті

76 мкм/(моль·К)[2]

Классификациясы
CAS нөмірі

9011-14-7

EINECS нөмірі

618-466-4

ChEBI

53205

Қауіпсіздігі
NFPA 704

1
1
0
[5][6]
Егер басқаша көрсетілмесе, деректер стандартты жағдайлар (25 °C, 100 кПа) үшін беріледі.

Органикалық шыны – органикалық полимерлер негізінде алынатын мөлдір қатты материалдардың техникалық аты. Полимерлерге полистирол, поливинилхлорид, полиакрилаттар, аллил қосылыстарының полимерлері, поликарбонаттар, сополимерлері, т.б. жатады. Өндірісте органикалық шыны деп метилметакрилатты массада бензоилпероксид, азобисизобутиронитрилдің және т.б. қатысуымен жүрген радикалды полимерлеудің нәтижесінде алынған өнімді айтады.

Көбіне табақтық (листовой) полиметилметакрилат кеңірек тараған. Қолдану аясына байланысты органикалық шыны құрамына пластификаторлар, бояғыш заттар, тұрақтандырғыштар, т.б. қосады. Органикалық шыны тығыздығы салыстырмалы түрде төмен, кейбірі ылғал және атмосфералық ортаға тұрақты. Органикалық шыны оптикалық мөлдір болады; оны механикалық өңдеуге, пісіруге, желімдеуге болады. Органикалық шыны ұшақ, автомобиль, кеме жасауда құралымдық материал ретінде, жылыжай, үй, т.б. терезелерін шынылауда, медицинада аспаптар мен құрал-жабдықтар жасауда қолданылады. Ультракүлгін сәулелерін жұтатын органикалық шыны мұражайларда экспонаттарды бүлінуден қорғау үшін пайдаланылады.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Composition of POLYMETHYL METHACRALATE (LUCITE, PERSPEX, PLEXIGLASS)  (ағыл.). NIST. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 қаңтар 2018. Тексерілді, 13 мамыр 2020.
  2. a b c d e f g Polymethylmethacrylate (PMMA, Acrylic) :: MakeItFrom.com  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 мамыр 2020. Тексерілді, 13 мамыр 2020.
  3. Refractive index of (C5H8O2)n (Poly(methyl methacrylate), PMMA) - Szczurowski  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 мамыр 2020. Тексерілді, 13 мамыр 2020.
  4. Smith, William F.; Hashemi, Javad Foundations of Materials Science and Engineering — 4-ші. — McGraw-Hill, 2006. — Б. 509. — ISBN 978-0-07-295358-9.
  5. Polymethyl Methacrylate Safety Data Sheet  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 желтоқсан 2019. Тексерілді, 13 мамыр 2020.
  6. Material Safety Data Sheet - Spectrum Chemical  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қыркүйек 2018. Тексерілді, 13 мамыр 2020.
  7. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том