Орхан (Османлы сұлтаны)
Орхан осман. أورخان — Orhân | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
1 тамыз 1326 — мамыр 1362 | |||
(Лақап аты Жеңімпаз Орхан) | |||
Ізашары | I Осман | ||
Ізбасары | I Мұрат | ||
Өмірбаяны | |||
Мамандығы | Қолбасшы | ||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 1281 Сөгүт, Осман бейлигі | ||
Қайтыс болуы | мамыр 1362 (81 жас) Бурса, Осман бейлигі | ||
Жерленді | Бурсада | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | I Осман | ||
Анасы | Малхун қатын | ||
Жұбайы | Аспорча қатын Нилүфер қатын Феодора қатын | ||
Балалары | Ұлдары: Сүлеймен паша I Мұрат Ибраһим шаһзада Халил шаһзада Қасым шаһзада Қыздары: Фатима қатын Шаһ қатын | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Орхан (осман. أورخان — Orhân; 1281 — мамыр 1362) — Осман империясының 2-ші ұлыбейі, қолбасшы.
Түріктер османлылардың екінші билеушісінің жеңістерін мақтан етіп, оны Ғази Орхан деп атап кетті. "Ғази" сөзі османлы тілінде "жеңімпаз" деген мағынаны білдіреді.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орхан 1288 жылы Сөгүтте қайы тайпасының көсемі Осман бейдің шаңырағында дүниеге келді. Орхан әкесінің кіші баласы болғанымен, өзінің әскери қабілеттіліктеріне байланысты ұлыбей мұрагері атанды. Үлкен ағасы, Алаеддин, көбінесе, ғылыммен және дінмен айналысты. Орхан Алаеддинге Османлы бейлігін бөлісуді ұсынды, алайда соңғысы бұл ұсыныстан бас тартты.
1316 жылы Орхан Бурса қаласын қоршады. Жергілікті христиан тұрғындарын құлдыққа алып, қалаға түріктерді қоныстандырды. Бірақ қала 10 жыл бойы османлыларға берілмеді. Тек I Осман қайтыс болған жылы, яғни 1326 жылы ғана берілді. 1326 жылдың 1 тамызында Орхан Османлы бейлігінің жаңа ұлыбейі атанды.
Орхан тұсында Османлы бейлігі қуатты елге айнала бастады. Таққа отырған жылы Орхан османлы елордасын Сөгүттен Бурсаға көшірді. Бұл қаланы ұлыбей мұсылман әлемінің орталығына айналдырғысы келді: бірнеше әдемі мешіттер салды, Персия мен Арабиядан келген балалар оқитын медресе ашты. 1327 жылы алғашқы османлы күміс тиындар шығарылды[1].
Жаңа жаңартпалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орхан Османлы әскерін қайта құрастыра бастады. Оған дейін әскер тұрақсыз атты әскерден ғана тұрды. Ұлыбей жаяу әскер корпусын ашты. Орхан тұсында османлылар шетел балаларын тонап, оларды мұсылман қылдырып, жауынгерлерге айналдырды. Әкесі тұсындағыдай Орхан тұсында да солтүстік-батыс Анадолыдан ғазауатшылар келе берді. Орхан әскері 25 000 жауынгерден тұрды. Жаңа шеріктер тұрақты жаяу әскері құрылды.
Византияның азамат соғысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Османлылар Анадолының византиялық қалаларын жаулауды жалғастырды. 1331 жылы Никея, ал 1337 жыл Никомедия құлады. Соңғысы жаңадан құрылған Османлы флотының верфіне және айлағына айналды.
1345 жылы Орхан Кареси бейлігін жаулап алды. Бұл жаулау османлыларға Шанаққала бұғазына жол ашты. Сол кезде османлылар Шығыс Рим империясының азамат соғысында византиялықтардың келесі императоры VI Иоанн жағында V Иоаннға қарсы соғысты. Орхан мен VI Иоанн арасында одақ құламас үшін, соңғысы өзінің қызы Феодораны Орханға тұрмысқа берді. Оған қарамастан, Орхан Константинопольді жаулап алғысы келген серб патшасы Урош IV Стефанмен құпия түрде келісімдер жасады. Алайда Орхан өзінің византиялықтарға қарсы күресіне дайындығын хабарлайтын хатты серб патшасына жібергенде, византиялықтар ұлыбейдің елшілерін жолда өлтірді.
Императорлардың ұлыбейден тәуелділігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сол кездерде VI Иоанн османлы жауынгерлерін болгарлар мен сербтерге қарсы соғыста пайдалану үшін жалдамалы әскер ретінде алып жүрді. 1353 жылы Орханның үлкен баласы Сүлеймен паша Гелиболу түбегіне келіп, Цимпе қамалына кірді. Келесі жылы Фракия зілзаласынан Гелиболу қамалының іргесі құлады. Соны Сүлеймен паша пайдаланып, қамалды жаулады. Осылайша Гелиболу қамалы османлылардың алғашқы еуропалық иелігі болды. Қамал түріктермен қоныстандырылды. Гелиболу құлауынан кейін V Иоанн тақтан тайдырылды. Себебі, ол Константинопольді османлыларға сатты деген айып тағылды. Бірақ келесі император VI Иоанн да Орханнан өте тәуелді болды. Ол Фракияның құлауына еш төтеп бере алмады. I Орхан мен Феодора баласы Халилді теңіз қарақшылары тұтқындағанда, VI Иоанн ұлыбей бұйрығымен тұтқын қамалып отырған Фокея қамалын қоршады.
1354 жылы Орхан Анкараны жаулап алды. Бұл ұлыбейдің соңғы жеңістерінің бірі еді.
Садрағзамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Есімі | Қызмет атқарған мерзімі | Уақыты |
---|---|---|---|
1 | Алаеддин паша | 1 тамыз 1326 — 1331 | 5 жыл |
2 | Низамуддин Ахмет паша | 1331 — 1348 | 17 жыл |
3 | Қажы паша | 1348 — 1349 | 1 жыл |
4 | Синануддин Факих Жүсіп паша | 1349 — 1362 | 13 жыл |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Encyclopædia Britannica. Orhan (ағыл.). Encyclopædia Britannica Online (2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 қаңтар 2012. Тексерілді, 20 наурыз 2010.
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
Ізашары I Осман |
Орхан 1 тамыз 1326 — мамыр 1362 |
Ізбасары I Мұрат |
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |