Остемиелит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Остемиелит (көне грекше: osteon - сүйек + көне грекше: myelos ) — сүйек майының қабынуы. Бет-жақ сүйегіне кариес қуысынан, жарақаттан, оқ тиіп зақымданған жерден стафилококк, стрептококк тәрізді микробтар еніп, жедел немесе созылмалы остеомиелит ауруын туғызады. Бұзылған тістен тараған жедел остеомиелит кезінде жалпы жағдай ауырлап, температура 40° дейін жетіп, жақ сүйек қақсап жанды қинайды. Лимфа бездері үлкейіп, қол тигізбейді. Инфекция ошағының ортасындағы тіс босап, тіс ұлпасы мен тіс түбір маңындағы тканьдер де қабынады. Бет ісіп, қызыл иек қьізарады. Сол сияқты организмдегі туберкулез (құрт ауруы) ошағынан бет-жақ сүйегіне енгеи бактериялар және мерез (сифилис) туғызатын бозғылт спирахета сүйек майына

еніп, остеомиелит ауруын қоздырады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3