Оңтүстік мұхит
Оңтүстік мұхит (көнер. Оңтүстік Мұзды мұхит) — Антарктиданы қоршап жатқан үш мұхит суларының (Тынық мұхиты, Атлант мұхиты және Үнді мұхиты) шартты атауы [1] және ресми түрде аумағы белгіленбеген «бесінші мұхит». Шартты аумағы 20,327 млн км². Ең төменгі нүктесі (Оңтүстік-Сандвич астаушасы) — 8428 м[2].
Ғалымдар көптеген уақыт бойы Жерде төрт мұхит бар деп келген. Алайда 2000 жылдан бұл қатарға бесінші, «Оңтүстік» деп аталған мұхит қосылды. Оңтүстік мұхит айдыны Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарының оңтүстік бөліктерін қамтиды.
Ол Антарктиданы түгелдей қоршап жатыр. Оңтүстік мұхиттың температурасы -2 градустан 10 градусқа дейін өзгеріп тұрады. Мұхитта циклондық дауылдар да болып тұрады.
Мұхиттың ең терең жері - Оңтүстік Сендвич шұңғымасы .
Оңтүстік мұхит Антарктикалық полюс аймағының 36 миллион шаршы шақырым аумағын алып жатыр. Бұл мұхиттың айдынынан жылдың қай мезгілінде де мұзтауларды кездестіруге болады. Мұхиттың бетінде 20 миллион шаршы шақырым мұз пайда болады. Бұл аймақтағы тіршіліктің бәрі мұхит пен теңіз суына тәуелді болғандықтан, ол мұз Антарктиданың табиғат айналымына үлкен әсер етеді.
Геологиялық тұрғыдан алғанда, Оңтүстік мұхит - мұхиттардың ең жасы. Ол 30 миллион жыл бұрын Антарктида мен Оңтүстік Американың бөлініп, Дрейк бұғазын түзуінің нәтижесінде пайда болды.[3]
Қызықты деректер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мұз боп қатқан айдын кеме жолына ыңғайсыз болғандықтан, Оңтүстік мұхиттың оңтүстік жағалауында үш-төрт-ақ айлақ бар.
- Оңтүстік мұхит көлемі жағынан төртінші орында және ол — мұхиттардың ең кенжесі.
- Оңтүстік мұхиттың басқа мұхиттардан айырмашылығы — бұл мұхиттың солтүстік шекарасы айқын білінбей, Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарына ұласып кетеді.
Дәйексөз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "ҮКЭ"
- ↑ Оңтүстік мұхит (немесе Антарктикалық мұхит) — аумағы бойынша Антарктиданы қоршайтын төртінші мұхит Мұрағатталған 26 наурыздың 2022 жылы.
- ↑ Географиялық аймақтар. Алматы. «Аруана» ISBN 978-9965-26-549-5
|
|