Оңтүстік полюс
Координаттар: 90° о. е. 0° ш. б. / 90° о. е. 0° ш. б. (G) (O) (Я)
Жердің Оңтүстік полюсы — Жердің айналу осінің Оңтүстік жарты шарда Жердің бетімен қиылысатын нүктесі, Оңтүстік жарты шардағы Антарктиданың Полярлық платосында орналасқан географиялық нүкте. Оңтүстік полюсты Оңтүстік магниттік полюспен шатастырмау керек.[1].
Оңтүстік полюсы Солтүстік Мұзды мұхитындағы Солтүстік полюсқа қарама қарсы орналасқан. Жер шарының қай бір нүктесі болсын, Оңтүстік полюсқа қарағанда солтүстік жақта орналасады. Оңтүстік полюстың географиялық координаттары: 90°00′00″ оңтүстік ендік, бұл нүктенің бойлығы жоқ, себебі Оңтүстік полюс - бүкіл меридиандардың қиылысатын нүктесі.Бұл жерде жарты жыл полярлы түн, жарты жыл полярлы күн болады.
Оңтүстік полюстағы мұз қалыңдығы — 2840 метр. Ауаның жылдық орта температурасы −48,9 °C, ең жылы күні −12,3 °C болады, ең суық күні −82,8 °C.
Алғашқы рет Оңтүстік полюсқа 1911 жылдың желтоқсан айында Руаль Амундсеннің басқаруымен Норвегия полярлық экспедициясы жеткен. Бұл экспедицияда Олаф Бьоланд, Сверре Хассель, Хельмер Хансен және Оскар Вистинг болған.
1912 жылдың қаңтар айында — Роберт Скотт басқарған Терра Нова ағылшың экспедициясы Оңтүстік полюс үстімен тікұшақпен ұшып өтті[1].
1958 жылы В. Фукс пен Э. Хиллари басқарған Британия-Жаңа зеландия экспедициясы алғашқы рет Уэддел теңізінен Оңтүстік полюс арқылы Росса теңізіне шана-шынжырбауыр көлікпен өтті.
1957 жылдан бастап Оңтүстік полюсте Амундсен-Скотт атты АҚШ-тың ғылыми стансасы жұмыс істеп келе жатыр.
Географиялық орналасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оңтүстік полюс Антарктида құрлығында Тынық мұхит жағалауына жақын және Росса құрлықтық қайраннан оңтүстік жағына қарай 480 км қашықтықта орналасқан[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b c South Pole. Britannica. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 наурыз 2013. Тексерілді, 23 наурыз 2013.
|