Павел Вежинов
Павел Вежинов | |
болг. Павел Вежинов | |
Туған кездегі есімі |
Никола Делчев Гугов |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
20 желтоқсан 1983 (69 жас) |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мансабы |
драматург |
Бағыты |
ғылыми фантастика, реализм |
Павел Вежинов (болг. Павел Вежинов, туылған кезде Никола Делчев Гугов болг. Никола Делчев Гугов; 9 қараша 1914 жыл, София, Болгария — 20 желтоқсан 1983 жыл, София, Болгария ) - болгар жазушысы[1].
1938-1944 жылдар аралығында София университетінің филология және философия факультетін тәмамдаған. 1944 жылдан бастап «Фронтовик» газетінің редакторы қызметін атқарды. 1947-1954 жылдары «Стъершел» газетінің, «Септември» журналының бас редакторы болып, 1954 жылы кинематография саласына ауысты.
- «Тосқауыл» хикаяты
Болгар жазушысы Павел Вежиновтың «Тосқауыл» атты хикаяты - әлемдегі көптеген халықтардың тіліне аударылған тамаша туынды. Ақиқат пен арман, шындық пен қиял қаз-қатар өрілген бұл фантасмагориялық шығарманың тосын оқиғасы ғана емес, кейіпкерлерінің ой-санасы, дүниетанымы, фәни жалғанға деген көзқарасы да қызықты. Оқырман қауымға таныс әрі бейтаныс жандардың басынан өткен қиял-ғажайып ертегіге ұқсас хикая бірден өзіне баурап алады.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Съвременна българска енциклопедия — Veliko Tŭrnovo: Elpis. — ISBN 9789549607819.
- ↑ [1](қолжетпейтін сілтеме) Әлем әдебиеті. Павел Вежинов