Пароль
I. Пароль[1] (фр. parole – сөз) – 1) қарауылдық қызметті атқаруда қолданылатын бекітілген құпия сөз. Қарауылдық және гарнизондық қызмет жарғысында ол әрбір жеке қарауылға, әр күн сайын қандай да бір атау сөз түрінде бекітіледі. Пароль ауысымға келген қарауылдың дәл сол мақсатқа жіберілгенін және тиісті бастықтар бұйрығы бойынша келген ресми тұлға екенін дәлелдейді. Әскери қызметтің басқа міндеттерін атқару барысында рұқсаттама және жауап сөздері қолданылады. Пароль басқа мемлекеттердің қарулы күштерінде қарауылдық қызметті атқару барысында да, сондай-ақ барлау мен күзет қызметтерінде де қолданылады. 2) компьютердің Мұрағатталған 20 шілденің 2011 жылы. жұмыс істеуін жалғастыру үшін теруді қажет ететін құпия сөз.
II. Пароль (Password, parole, watchword) - желімен байланысу үшін немесе құпиясөзбен қорғалған ресурстардағы мәліметтерді, файлды оқу мақсатында енгізілетін құпия код (сөз); сондай-ақ бағдарламалар мен мәліметтерді рұқсатсыз пайдаланудан қорғау амалы; желіге кіру үшін рұқсатсыз пайдалануға болмайтын файлдарды оқу үшін қолданылатын жасырын бүркеме атау. Ол кез келген символдар комбинациясынан тұрады да, ұзындығы көбінесе 15 символдан аспауы тиіс. Парольді енгізіп жатқанда оның символдарының орнына экранда жүлдызшалар (*) бейнеленеді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7 т,
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|