Пахтакор (футбол клубы)
Пахтакор | |||
Лақап аттары |
Мақташылар, халық командасы, арыстандар | ||
---|---|---|---|
Құрылған жылы | |||
Стадионы | |||
Сыйымдылығы |
35 000 | ||
Президенті |
Бобур Шодиев | ||
Бас жаттықтырушы | |||
Капитаны | |||
Жарыс | |||
2023 |
1 | ||
Формасы | |||
| |||
Футболдан Өзбекстан чемпионаты 2020 | |||
«Пахтакор» (өзб. «Paxtakor» Toshkent futbol klubi / «Пахтакор» Тошкент футбол клуби) — өзбекстандық футбол командасы, Ташкент қаласынан. Өзбекстан мен КСРО-дағы ең танымал клубтардың бірі. Өз алаңындағы матчтарын "Пахтакор" стадионында өткізеді. Бапкері - Шота Арвеладзе.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашқы ойынын 1956 жылы 8 сәуір күні Молотов қаласының (қазір ол қала Пермь деп аталады) командасына қарсы өткізді. 1962 жылы КСРО чемпионатында 6-ші орын алды. Бұл команданың кеңестік дәуірдегі ең жоғары көрсеткіші.
1979 жылы көптеген ойыншылары әуе апатына ұшырап, команда біраз жылға дейін оңала алмады.
Одақ тараған соң Өзбекстан чемпионатында өнер көрсете бастады. Көптеген жылдар бойы чемпионаттың басты фавориті саналды. Кейін "Бунедкор", "Локомотив" секілді клубтар күшейді де, команда елдегі ең үздік үш клубтың бірі саналады.
Орта Азия дербиі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Одақ кезінде "Пахтакор" мен Алматының "Қайраты" ойнаса стадионда міндетті түрде халық көп жиналатын, мұндай ойында екі жаққа да жеңіс ауадай қажет, тіпті жеңіске жете қалса маусым соңында төменгі лигаға түсіп кетсе де кешірілетін.
Одақ тараған соң екі команда мүлде кездеспей қойды, тек бірді-екілі жолдастық кездесулер ғана өткізді.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Өзбекстан чемпионы (16): 1992, 1998, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007, 2012, 2014, 2015, 2019, 2020, 2021, 2022, 2023
- Өзбекстан кубогы (12): 1993, 1997, 2000/01, 2001/02, 2002/03, 2004, 2005, 2006, 2007, 2009, 2011, 2019
- Достастық елдері кубогының жеңімпазы: 2007