Пирротин
Пирротин (грек. pyrrotes — оттай қызыл), магнитті колчедан — сульфидтер класының минералы. Хим. формуласы: Fe1-xS. Хим. құрамы ауыспалы: х=0,0 — 0,11. Іоспалары Nі, Co, Cu, Pb, Mo, As. Одан басқа қатты ерітінділері — халькопиротиндер (FeS — CuFeS2) белгілі. Құрамындағы темірдің мөлшеріне байланысты гексагондық және моноклиндік сингонияларда кристалданып, тұтас масса, бұрыс пішінді сеппе, түйірлі, жалпақ кристалдар түзіп, кейде радиалды бағаналы және талшықты агрегаттар күйінде кездеседі.
Табиғатта гексагонды троилит (FeS) және моноклинді клинопирротин (Fe7S8), т.б. минералдары кездеседі. Пирротин эндогендік геологиялық процестерде жаралады. Түсі қола түстес сары, металл сияқты жылтыр күңгірт, морт; қаттылығы 3,5 — 4,5, тығыздығы 4,5 — 4,7 г/см3, электр тогын жақсы өткізеді. Күкірті мол моноклиндік Пирротиннің ферромагн., ал күкірті аз гексагонды Пирротиннің 348oС-та жойылатын парамагн. қасиеттері бар.
Қазақстанда Шығыс және Батыс Ұлытау (Қараторғай, Тойғыл), Шар мен Горностаев (Мақсұт) ультрамафиттерінде, мыс-полиметалды кен орындарында (Ақбастау, Іұсмұрын, Ертіс) кездеседі. Пирротин күкірт қышқылы және күкірт өндірілетін шикізат ретінде қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |