Портал:Жапония

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жапония порталы
Қош келдіңіздер!

Кіріспе

Жапония (ресми атауы «Нихон коку», «Ниппон коку»  (жапон. 日本国?) (“Таң шапағы елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синтоизм және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”.

Таңдаулы мақала

Жапон өнеріVIVIII ғасырлар жапон елінің феодализм дәуіріне аяқ басқан кезі. Жас Жапон мемлекетінің дамыған Корей және Қытай елдерімен қатынасы арта бастады. Олардан мемлекет құрылысын, жер өлшеу, өңдеу шаруашылығы мен хат тануды үйренді. Соның ішінде айта кететін жай — буддизмнің келуі. Буддизм жапон халқының ауызбірлігіне және басқа Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасының дамуына себебін тигізді. Жапон жерінде бұл өзгерістер үлкен рөл атқарды. Осы VI—VIII ғасырларда сырттан келген жаңа идеялар ағымын кайта өңдеу аркылы жапон өнері жаңа сатыға көтерілді. Сөйтіп, өзінің жеке көркем дамуы басталды. VI ғасырдың соңы жапон өнеріндегі жаңа көркем образдар ағымы кезеңі болды.


Тағы да...

Таңдаулы сурет

Мано сарқырамасы

Санаттар

Таңдаулы тұлға

Маёкава Кунио (Maekawa Kunio) (14 мамыр, 1905, НиигатаТокио), жапон архитекторы. Парижде Лe Корбюзье және Токиода Антонино Реймондпен бірге сызбашы болып жұмыс істеді. Хинамото (1936) және Дайрен (1938) муниципалитеттері секілді бұрынғы жұмыстарында жапон империалистік тәртібінің сырттай сән-салтанатты стиліне қарсы шығуға тырысты. 1950-ші жылдары Ле Корбюзьенің брутатизм стилінде жұмыс істеуін жалғастырды. Фукусимадағы Білім орталығы (1955) және Харуми және Токиодағы Сетагаядағы Қоғамдық орталық (1959) секілді ғимараттар бетонды осы материалға сәйкес келетіндей жеңіл қалыпта қолдануға ұмтылушылығымен ерекшеленеді. Оның салған қоғамдық орталықтары өз карьерасын Маёкава кеңсесінде бастаған Танга Кензоға әсерін тигізді.

Фотосурет галереясы

Жапон асханасы

Темпура (лат. 天麩羅, tenpura) — швейцар фондюі сияқты, бірақ құрамы бөлек жапон тағамы. Егер фондю тағамында негізгі өнім сірне болса, жапондық темпураның негізгі өнімі балық. Шағын балық кесектері тұтынушылар алдына қойылады да, олар өздері фритюрде куырып дайындайды. Фондюде ыдыстағы малма сұйықтығы шарапта ерітілген сірне, ал жапондық темпурада оның орнына ұн, су, жұмыртқа, тұздан дайындалынған сұйық қамыр. Темпураны тістемей бірден ауызға салып жеу қажет. Темпурамен бірге берілетін салаттар бамбук өскіндерінен, күріш, соя соусы болғандықтан тағам жапон тағамы деп саналады. Балықтан басқа шаян немесе ет, күріш, каштан, жүмыртқадан дайындалынған фрикаделкалар қолданылады. Темпураны фондю тағамының шанышқысындай аспаппен немесе ұзын бамбук таяқшаларының көмегімен жейді.


Жобалар

Викиқор Викисөздік Викитека Викидәйек

Бұл порталды толықтырып, Уикипедияға көмектесуге шағырымыз. Жобаның қатысушылары

Туыстас порталдар