Программалық музыка
Программалық музыка — музыканың негізгі жанры. Программалық музыкаға әдейі көркем әдебиет шығармаларының желісімен жазылған, яғни программасы бар, мазмұнды аспапты музыкалық шығармалар жатады. Оған әдебиет жанрынан әңгіме, поэма белгілі, бір тарихи уақиға немесе үлкен прозалық шығарманың мазмұны арқау болады. Оны композитордың өзі таңдап алады. Сөйтіп, эпикалық, героилық, лирикалық, романтикалық, философиялық әдеби сюжет программалық музыканың жанры мен оның мазмұнын байыта түседі.
Программалық музыка жанрына фантазия, симфониялық поэмалар, симфониялар, симфониялық картина мен увертюралар жатады. Ерте заманда композиторлар жеке аспаптары мен оркестрге арнап, программалық музыка ретінде "Аңшылық", "Қоштасу", "Атаның ертегісі" деп ат қойып, шағын пьесалар жазған. Бұл программалық музыканың тырнақ алдысы болатын. Ғасырлар бойы программалық музыка жанры өсе берді. Оған батыс еуропа мен орыс классик-композиторлары үлкен үлес қосты. Программалық музыка ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап ұлы орыс классик композиторлардың шығармасында кең өріс алды.
Мысалы: Михаил Глинканың "Камаринская" мен "Испан увертюрасы", Николай Римский-Корсаковтың "Садко", "Антар", "Шехерезада" поэмалары , А.П. Бородиннің "Батырлық" симфониясы, Петр Чайковскийдің симфониялары мен симфониялық поэмалары жатады. Құрманғазының "Кішкентай" күйі Исатай мен Махамбеттің көтерілісіне арнап шығарылса, сондай-ақ Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Диналардың күйлері де программалық музыкаға жатады.
Қолданылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақша музыкалық-терминологиялық сөздік, Алматы 1981 жыл - 100, 101 бет