Роберт Шуманн

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Роберт Шуманн 1850 жылы

Шуман Роберт Александер (нем. Robert Schumann) (мау. 8 1810 ж., Цвиккау – шіл. 29 1856 ж., Бонн қаласының маңындағы Эндених; Бонн қаласында жерленді) – неміс композиторы әрі музыка жазушысы.

XIX ғ-дағы романтизмнің жарқын өкілі. Кітап баспагерінің отбасында туған Шуман жастайынан жан-жақты шығармашылық еңбекке өте бейім болып өсті. Жеті жасынан музыка шығарып, он үш жасында пианиношы ретінде концерт берген. Алғашында педагог және органшы И.Кунчтың шәкірті болған ол 1828 жылы Лейпциг университетінде заңгерлік мамандығы бойынша оқи жүріп, Ф.Вик (фортепиано) пен Г.Дорннан (музыка теориясы) дәріс алды. Ол 1834 жылдан Лейпциг қаласында “Жаңа музыкалық журнал” шығарды; оның негізгі авторы әрі редакторы ретінде көп еңбектеніп, ілгерішіл идеяны алға тартты. 1840 жылы Иен университетінің құрметті философия докторы болды. 1843 жылы Лейпциг консерваториясында (сол жылдан фортепиано мен композиция профессоры) педогогиялық қызметпен айналысты. 1844 жылдан Дрезден қаласында, 1850 жылдан Дюссельдорф қаласында тұрып, хор ұжымдарына, симфониялық оркестрге жетекшілік еткен.

Шуманн музыкалық бөлмесі
Шуманның 1810 жылы туған үйі

Ол концерттер, камералық-аспаптық шығармалар, фортепианоға арналған 3 соната (1835, 1835 – 38, 1836), фантазиялар (“Көбелектер”, 1831; “Карнавал”, 1935; “Крейслериана”, 1938), фортепиано (“Симфониялық этюдтер”, 1834; “Карнавал”, 1835; “Фантастикалық үзінділер”, 1837), хорлар мен әндер (“Ақын махаббаты”, “Әйелдің өмірі мен махаббаты”, 1840), 4 симфония (1841, 1846, 1850, 1851), фортепиано мен оркестрге арналған концерт (1841 – 45), ішекті аспаптарға арналған үш квартет (1842), оратория (“Пейіш пен Пері”, 1843), 1 опера (“Геновева”, 1848; 1850 жылы қойылған), Джылы Байронның “Манфред” атты драм. поэмасына музыка (1848 – 49), хорға арналған шығармалар, т.б. жазды. Жаңашыл-музыкашы фортепианолық циклдердің жаңа түрлерін шығарып, неміс романс жанрының дамуында жаңа кезең туғызды. Композитордың Г.Гейне, А.Шамиссо, И.В. Гете, Ф.Рюккерт, т.б. сөзіне жазылған әндер (романстар) топтамасында адамның сезім күйлері музыка тілінде шеберлікпен бейнеленді. Шуман вокалдық өнерде лирик. әннің шуберттік түрін ілгері дамытты. Шуманның музыкасын туралы жазған еңбектерінің де музыкатану тарихында маңызы зор. Сыншы ретінде ол музыкадағы тоғышарлық пен топастықты, өресіздік пен өрескелдікті өткір сын тезіне алып, 19 ғ-дағы прогресшіл композиторлар Г.Берлиоз, Ф.Шопен, Ф.Шуберт, т.б. шығармасын насихаттады. Ф.Мендельсон, Г.Берлиоз, Ф.Лист, А.Г. Рубинштейн, П.И. Чайковский, А.К. Глазунов, С.В. Рахманинов, т.б. сынды композиторлар Шуманның музыка шығарм-н жоғары бағалады. Қазақстанның музыка ұжымдары ( мысалы , хор капелласы) мен жеке орындаушылары ( мысалы , пианиношы Г.Қадырбекова, т.б.) репертуарынан Шуманның шығармалары елеулі орын алған. Шуман – неміс пен австрия музыка романтизмінің демокругі және реалистік дәстүрлерін дамытқан 19 ғ-дағы романтикалық өнердің аса көрнекті өкілі болды.[1][2][3]

Жас Роберт Шуман

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  2. О музыке и музыкантах, т. 1 – 2, М., 1975 – 78.
  3. Стасов В., Лист, Шуман и Берлиоз в России, М., 1954; Житомирский Д., Роберт Шуман. Очерк жизни и творчества, М., 1964.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Robert Schumann