Рудольф Дизель

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дизель Рудольф (18 наурыз 1858 – 29 қазан 1913) – немiс инженерi, өзiнiң атымен аталатын iштен жанатын қозғалтқышты жасаған (1897). Дизель францияға қоныс аударған немiс жанұясында туған. Ол германияда бiлiм алды – алдымен Аугсбугте, сосын Мюнхендегi Жоғарғы Техникалық мектепте, оны Рудольф үздiк дипломмен бiтiредi. Атақты инженер Карл фон Линденнiң қамқорлығы ол үшiн үлкен сәттiлiк болды.

Рудольф Дизель
(1858-1913)

Ол 1880 ж. Дизельдi өзiнiң фирмасының Париждегi бөлiмiне жұмысқа орналастырады. Дизель жылу машиналар теориясының негiздерiмен танысып, бу машнасының пайдалы әсер коэффициентiн көбейту идеясына берiлiп кеттi. Көп жылдар бойы Рудольф iшiндегi ауа мен отын қосылғанда, ауаның қысымы от алуға жеткiлiктi температура туғызатын қозғалтқыш жасаумен айналысты. 1890 ж. Линденнiң фирмасы Дизельдi берлиндегi бөлiмшеге ауыстырады. Мұнда ол өз идеяларының есебi мен теориялық негiздеуiн ұсынады. Ол 1892 ж. Патент алды. Осы ойларын Дизель «Тиiмдi жылу қозғалтқыштың теориясы мен конструкциясы» деген еңбегiнде жариялады (Theorie und Konstruktion eines rationellen Warmemotors, 1893). 1897 ж. қуаты 25 л.с. болатын қозғалтқышты демонстрациялады. Жоғары эффективтi қозғалтқыш Круппаның фирмасын, Аугсбургтағы машина жасайтын завоттарды және т. б. қызықтырды. Рудольф Дизель үлкен коммерциялық табысқа жеттi, бiрақ бiраз уақыттан кейiн конструкторлық қатеге байланысты лицензиялық қаржылар («ройялти») тоқтатылды. Жiберiлген қателердi кейiнгi өнертапқыштар жөндейді. Рудольф Дизель 1913 ж. 29 қазанда қаза болды.