Руй Патрисиу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Руй Патрисиу Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Руй Педру душ Сантуш Патрисиу

Туған күні

15 ақпан 1988 (1988-02-15) (36 жас)

Туған жері

Марразеш, Португалия

Азаматтығы

 Португалия

Бойы

190

Салмағы

84

Позиция

қақпашы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Англия Вулверхэмптон Уондерерс

Номері

11

Жастар клубы
1997—2000 Португалия Лейрия (Марразеш)
2000—2006 Португалия Спортинг Лиссабон
Клуб карьерасы[* 1]
2006—2018 Португалия Спортинг Лиссабон 285 (−243)
2018— Англия Вулверхэмптон Уондерерс 4 (-5)
Ұлттық құрамы[* 2]
2003—2004 Португалия Португалия-16 5 (−5)
2004—2005 Португалия Португалия-17 11 (−13)
2005—2006 Португалия Португалия-18 4 (−4)
2006—2007 Португалия Португалия-19 10 (−10)
2007 Португалия Португалия-20 8 (−5)
2007—2010 Португалия Португалия-21 14 (−9)
2010—  Португалия 75 (−64)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Руй Педру душ Сантуш Патрисиу (порт. Rui Pedro dos Santos Patrício; 15 ақпан 1988[1], Марразеш, Португалия) — португалиялық футболшы, қақпашы. 2016 жылғы Еуропа чемпионы.

Лиссабонның "Спортинг" клубының түлегі. 2006-18 жылдар аралығында Он екі маусым бойы осы команданың намысын қорғады. 2018 жылы Англияның "Вулверхэмптон" командасына ауысты. Англиялық клубпен төрт жылдық келісім шарт жасасты[2].

Португалияның барлық жастағы құрамасында ойнап шықты.

Ұлттық құрамамен бірге 2008 жылғы Еуропа чемпионатына барғанымен, алғашқы ойынын 2010 жылы қарашада өткізді. Содан бері Португалия құрамасының негізгі қақпашысы боп келеді.

2016 жылғы Еуропа чемпионатында Патрисиудің керемет ойыны командаға чемпиондық атақты әперді. Ширек финалда пенальтилер сериясында польшалық әріптесінен басым түсті. Финалдағы Франциямен ойында да Патрисиу бірнеше қауіпті соққының бетін қайтарды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Спортинг

  • Португалия кубогы (2): 2007/08, 2014/15
  • Португалия суперкубогы (3): 2007, 2008, 2015
  • Лига кубогы: 2018

Португалия

  • Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2012
  • Еуропа чемпионы: 2016.
  • Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2017

Қатысқан турнирлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Еуропа чемпионаттары: 2008, 2012, 2016
  • Әлем чемпионаттары: 2014, 2018
  • Конфедерациялар кубогы: 2017

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]