Сарыағаш
Қала | |
Сарыағаш | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Қалалық әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
41°28′02″ с. е. 69°11′25″ ш. б. / 41.46722° с. е. 69.19028° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°28′02″ с. е. 69°11′25″ ш. б. / 41.46722° с. е. 69.19028° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1870 |
Қала статусы |
1968 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
61 482[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
13 |
Сарыағаш шекарасы
|
Сарыағаш — Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы қала, аудан және Сарыағаш қалалық әкімдігі орталығы, темір жол бекеті.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 274 км-дей жерде, Келес, Құркелес өзендерінің алабында.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
25914 | ▲40280 | ▲59606 | 148 | 19732 | ▲29591 | 150 | 20548 | ▲30015 | 146,1 |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іргесі 1870 жылдары қаланған. 1904 – 05 жылдардан Сарыағаш аталады. 1926 жылдан Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің, 1928 – 39 жылдары Келес ауданының, 1939 жылдан Сарыағаш ауданының орталығы болды, 1968 жылдан қала атанды.
Кәсіпорындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шипалы минералды су құятын «Алекс» ЖШС, «Әсем-ай» ЖШС, «Курорт – Барс –2030» ЖШС бар. «Сенім» ЖШС – тігін, тоқыма, жіп тоқитын бұйымдарын өндіретін фабрика, «Айша бибі» ӨК мақта тазарту зауыты, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жалпы білім беретін, музыка, спорт, кәсіптік-техникалық мектептері, Қабыланбек мал дәрігерлік колледжі, кітапханалар, мәдениет сарайы, клуб, кинотеатр, аурухана, диспансерлер, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Қала минералды суларымен және курорттарымен белігілі. Асқазан, зат алмасу, нерв жүйесі сырқаттарын емдейтін «Сарыағаш шипажайы» АҚ – Сарыағаш минералды суына негізделген. ҚазМұнайГаз "АҚ"-ның "Алтын-Бұлақ" шипажайы емделушілерге өз қызметін сапалы түрде орындауда. Қала арқылы Орынбор – Ташкент темір жолы, Шымкент – Шардара автомобиль жолы өтеді.[4]
Қала суреттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сарыағашқа кіре беріс жол | Дүйсенбаев көшесі | Алып базары | Орталық көше | Жаяу жүргіншілер өткелі |
---|---|---|---|---|
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том.
|
|