Сейсмология
Сейсмология — жер сілкінуді зерттейтін геофизикалық ғылымның бір саласы.
Жалпы мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл жер сілкінудің пайда болуының себептері мен жағдайларын, олардың географиялық таралуын, жер сілкіну әсерінен пайда болған сейсмикалық (серпімділік) толқындарды және сол толқындардың жердің ішкі қабаттарында таралуын зерттейді. Жасанды жер сілкінуге негізделген экепериментті сейсмологияның әдістері пайдалы қазындыларды іздеу мен инженерлік-геологиялық зерттеуяерде қолданылады.[1]
Сейсмология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жерсілкінулер жайлы ілім, геофизиканың бір саласы.
Сейсмограмма
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бірнеше сейсмоқабылдағыштар тіркеген сейсмикалық толқындарды автоматы түрде жарық сезгіш қағазға жазып алу нәтижесінде алатын сызбалы кескін.
Сейсмограф
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Сейсмоқабылдағыш" терминінің синонимі.
Сейсмокаротаж
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұрғылау ұңғымасы тесіп өткен қима арқылы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдықтарын анықтау, сейсмикалық шекараларды стратиграфиялық тұрғыдан нақтылау, сейсмикалық толқын түрлерін танып-білу және зерттеу шараларын жүзеге асыру мақсатында сол ұңғыма қойнауларында арнаулы аспаптар көмегімен әдейі жүргізілетін сейсмикалық барлау тәсілі.
Сейсмоқабылдағыш
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жердің механикалық дірілін электрлік тербелістерге айналдыру мақсатында қолданылатын электрлік-механикалық аспап. Синонимі — сейсмограф.
Сейсмикалық барлау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жер қыртысының құрылысын зерттеуге, мұнайлы-газды құрылымдарды іздестіруге және бұрғылауға дайындауға арналған геофизикалық барлау әдісі.
Сейсмикалық бекет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу барысында жасанды жарылыстар әсерінен туындаған серпінді толқындар легін қабылдау, күшейту және жазып алу мақсатында қолданылатын арнаулы жабдықтар жиынтығы.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Seismology |
- ↑ Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
- ↑ Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |