Сингониум

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сингониум
Syngonium podophyllum var. podophyllum
Syngonium podophyllum var. podophyllum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Alismatales
Тұқымдасы: Araceae
Кіші тұқымдасы: Aroideae
Тайпасы: Caladieae
Тегі: Syngonium
Schott
түрлері

34 түрі белгілі

Сингониум (лат. Syngonium) – шаяноттар тұқымдасының лат. Araceae 113 тегінің бірі. 30-ға жуық түрі бар.

Негізгі отаны Орталық және Оңтүстік Американың: Белиз, Коста-Рика, Сальвадор, Панама, Гватемала, Гондурас, Никарагуа, Мексика, Францмялық Гвиана, Гайана, Суринам, Венесуэла, Боливия, Колумбия, Эквадор, Перу, Бразилияның тропикалық аймақтары[1].

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сингониум шөптесін, жұқа сабақты, шырмауық өсімдік. Ол филодендронның туысы болғанымен, оған қарағанда ерекше әдемі.

Үй жағдайында сирек гүлдейді, бірақ жапырағының әдемілігі оған ерекше көрік береді. Сингониумдарды аспалы түбектерде де, шырмауық ретінде де өсіруге болады. Олар көп күтімді қажет етпейді. Үстіңгі өскіндерін қырқып, пішінге келтіруге болады. Жас сингониумдарды жыл сайын, ал үлкендерін 2-3 жылда бір рет топырағын жаңартып қайта отырғызу керек.

  • Жарығы: Алакөлеңке жерде жақсы өседі.
  • Жылуы: Қыста 17-18ºC төмен болмауы керек.
  • Суғарылуы: Топырағының ылғал болғанын қалайтындықтан, жиі мол суғарған жөн.
  • Ылғалдылығы: Ылғалды матамен жапырақтарын сүртіп, су бүркіп тұру керек.
  • Қоректендірілуі: Көктем, жаз кездерінде минералды тыңайтқышпен 2-3 аптада бір рет қоректендіріледі. Қыста тыңайтуға болмайды.
  • Аурулары: Ылғалдылықтың жетіспеушілігінен түрлі зиянкестер зақымдауы мүмкін.
  • Көбейтілуі: Үстіңгі сабақтарын тамырландыру арқылы көбейтеді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Syngonium

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Syngonium(қолжетпейтін сілтеме)
  • "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727