Мазмұнға өту

Скумбрия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Скумбрия
Ғылыми топтастырылуы
Домен

Эукариоттар

Патшалық

Жануарлар

Тип

Хордалылар

Кіші тип

Омыртқалылар

Инфратип

Жақ ауыздылар

Класс

Қауырсын қанаттылар

Кіші класс

Жаңақауырсынды балықтар

Инфракласс

Сүйекті балықтар

Отряд

Скумбриятәрізділер

Тұқымдас

Скумбриялар

Туыс

Скумбрия

Халықаралық ғылыми атауы

Scomber Linnaeus, 1758


Уикитүрлердегі
жіктелуі
uselang=ru}}
[{{fullurl:commons:{{{Commons}}}|uselang=kk}} Ортаққордан
сурет іздеу]
NCBI  13675

Скумбрия (лат. Scomber) — скумбриятәрізді отряды скумбрия тұқымдасы балықтарының туысы. Олардың өмірлік циклі су түбімен байланысы жоқ, сондықтан пелагиялық балықтар. Дененің максималды ұзындығы - 64 см, орташа - 30 см. Денесі ұршық тәрізді, кішкентай циклоидты қабыршақпен жабылған. Торсылдағы болуы немесе болмауы да мүмкін. Түрлердің таралу аймақтары бір-біріне сәйкес келсе де, әр географиялық ауданда тек бір ғана түр басым болады.

Оны Қара теңізден, көбінесе Одесса ауданынан (Қара теңіз скумбриясы), Жапон теңізінің оңтүстік бөлігінен (салмағы 500 грамнан 1,2 кг болатын, Тынық мұхит скумбриясы), Солтүстік Атлантикадан (Атлантиканың ірі скумбриясы немесе мак-рель) аулайды. Әдетте Қара теңіз скумбриясын сауда орындарына ыстал, кейде сәл тұздал немесе тоңазытыл жібереді; ал Тынық мұхит скумбриясын — консервілен (сорпаға, майға салып, «Тынық мұхит сардинасы»,— деп аталатын консерві), Атлантикалық скумбрияны — тұздалған және Скумбриянатуральная» консервісін жасан түсіреді. Жас скумбриядан кулинариялық неше түрлі тағам әзірлеуге болады. Пияз соусына салған скумбрия. Скумбрияны аршып-тазартып, тұз бен бұрыш араластырылған ұнға аунатып алады. Сары майды табаға салып ерітіп, оған дөңгелектеп туралған пиязды қуырады. Содан кейін балықтын екі жағын бірдей аударыстырып, 10 минуттей қуырады. Табаға х/А стакан су құйып, бетін жабады да, баяу жанған отқа 5 минутке қояды. Пісіп дайын болған балыққа ұсақталған петрушка көгін немесе аскөк салып, дастарқанға қояды. 8 скумбрияға: жарты стакан ұн, ас қасық тұз, 1 /4 шай қасық үгілген бұрыш, 2 ас қасық сары май, 2 пияз керек. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9