Сомалиліктер
Сомалиліктер | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
18-21 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Сомали |
7-9 млн. |
Сомалиленд |
2,5 - 3,5 млн. |
Эфиопия |
5 млн. |
Кения |
2,5 млн. |
Джибути |
500 000 |
Йемен |
500 000 |
Тілдері | |
Діні | |
суннизм, дәстүрлі нанымдар |
Сомалиде тұратын жергілікті халық.[1] Қазіргі уақытта сомалиліктердің саны, әртүрлі бағалаулар бойынша, 18-ден 21 миллион адамға дейін. Олардың көпшілігі Сомали мен Сомалилендте тұрады, олардың барлығы дерлік сомалиліктерден тұрады (тиісінше 7-9 миллион және 2,5-3,5 миллион адам). Сонымен қатар Эфиопияда - 5 млн.адам, Кенияда - 2,5 млн.адам, Джибутиде 500 мың және Йеменде -500 мың адам тұрады.
Азаматтық соғыстың басталуымен және Сомалидегі мемлекеттің ыдырауымен, яғни 1990 жылдардан бастап Сомали диаспорасының қауымдастықтары АҚШ пен Канадада (300 мың адамға дейін), Батыс Еуропа елдерінде (400 мың адамға дейін), Біріккен Араб Әмірліктерінде, Сауд Арабиясы мен Оңтүстік Африкада тез өсе бастады.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қостілді: негізгі тіл — афроазиялық (семит-хамит) отбасының кушит тобындағы сомали тілі, екіншісі — араб тілі. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.[3]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діні – сүнниттік бағыттағы ислам.[4] Сомалилердің ауыл тұрғындарының арасында исламға дейінгі наным-сенім элементтері сақталған, ал кейбір тайпаларда бақсылар касталары бар. Қалаларда христиандар кездеседі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шамамен біздің эрамыздың 1200- жылы Сомалилер Эфиопияның оңтүстігінде пайда болды, кейін 150 жылдан соң Солтүстік Кенияға қоныс аударды. Содан кейін олар бірте-бірте солтүстікке жылжып, Сомали түбегіне орналасты. Ғасырлар бойы Сомали түбегі Мысырдың қол астында болды. 10 ғасырға қарай сомалилердің көпшілігі исламды қабылдап үлгерді. 13 ғасырда Могадишо Шығыс Африка жағалауындағы гүлденген сауда жолдарының орталығы болды. 18 ғасырға қарай сомалиліктер Сомали түбегінде басым этникалық топ болды. Осы кезден бастап Сомали халқы 1973 жылға дейін Францияның қол астында болды.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сомалилердің оңтүстік тобы (дигил, раханвейн, тунни) егіншілер және отырықшы өмір салтын ұстанады. Олар құмай, бұршақ, тамыржеміс, темекі, мақта егеді. Сонымен қатар жайылымдық мал шаруашылығын дамытты, мал өсіреді. Қызыл теңіз жағалауында балық аулау және теңіз тасбақасын аулау дамыған. Қолөнері - тері өңдеу, былғары өңдеу, ағаш пен мүйізден бұйымдар жасау, қару-жарақ пен еңбек құралдары – ерлердің кәсіптері. Қамыстан тоқу (бұйымдар сары, күлгін, қызыл түсті түрлі-түсті өрнектермен безендірілген) әйел кәсібі.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көшпелі шаруашылық – ең қарапайым отбасы «раас», оған басшы, оның әйелі және олардың балалары кіреді. Көшпелі өндіріс процесінде әке мен оның үйленген ұлдарының жанұялары «рер» көшпелі қауымына біріктіріледі. Барлық көшпенділер сияқты Солтүстік Сомалидің қоғамдық ұйымының негізін тайпалық құрылым құрайды, оның әлеуметтік байланыстар жүйесі патриархалдық және генеалогиялық болып табылады. Сомалилерде жас санаттары жоқ. Күрделі тайпалық иерархия сақталады.
Көшпенділер қоныстанған жерлерінде жеңіл, жиналмалы дөңгелек тұрғын үйлерге - терілермен, маталармен, құрғақ шөптермен жабылған ағаш жақтау орнатады. Оңтүстік сомалиліктердің отырықшы елді мекендерінде белгілі бір даму жоспары жоқ. Тұрғын үйлері конустық сабан төбесі бар дөңгелек болып келеді.
Сомалилердің ерлерге арналған дәстүрлі киімі - жамбасқа оралған, былғары белбеумен бекітілген жадағай тәрізді жамылғы плащ, аяқ киімдері - қалың былғары табаны бар сандалдар. Әйелдер киімі иықтан денеге оралған, металл әшекейлері бар мата киім.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Общая характеристика современного сомалийского этноса http://www.iimes.ru/?p=20691
- ↑ Значение слова СОМАЛИЙЦЫ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1845716.html
- ↑ Современная энциклопедия СОМАЛИЙЦЫ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/10582-%D0%A1%D0%9E%D0%9C%D0%90%D0%9B%D0%98%D0%99%D0%A6%D0%AB
- ↑ Сомалийский народ. Что же в нем такого особенного? https://dzen.ru/a/XRerEYHZWQCswX49?utm_referer=yandex.kz
- ↑ Народы и религии мира СОМАЛИЙЦЫ http://cult-lib.ru/doc/dictionary/peoples-and-religions/articles/37/somalijcy.htm
- ↑ народы мира / Сомалийцы http://www.etnolog.ru/people.php?id=SOMA