Сонгкок
Сонгкок (немесе песи, копиа) — Индонезия, Сингапур, Бруней, Малайзия елдерінде, Филиппиннің оңтүстігінде, Тайландтың оңтүстігінде негізінен мұсылман ер адамдар киетін бас киім. Кесілген конус түрінде қара түсті мақтадан немесе бархаттан тігіледі. Ер адамдардың дәстүрлі бас киімі болған сонгкок үйлену тойы, мәйітті жерлеу, Құрбан айт, Ораза айт сияқты мейрамдар мен ресми іс-шараларда киіледі. Сонгкок Малайзияда Ислам дінімен байланыстырылып, Индонезияда зайырлы ұлтшыл қозғалыс өкілдерінің нышанына айналған.
Атаулары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл бас киім Малакка түбегінде, Суматрада, Борнеода «сонгкок» деп аталады. Ал Ява аралдарында «копиа» атымен танымал. Индонезияда болса «песи» деп аталады. Түрлі болжаулар бойынша «песи» сөзі голландтың petje сөзінен шыққан. Кейбіреулер бұл сөзді түріктің феска бас киімімен байланысты деп санайды.