Статистикалық бағалау
Статистикалық бағалау әдістері - әлеуметтік-экономикалық үдерістердің сандық жағын оның сапалық жағымен тығыз байланыста бағалау қызметінің мақсатына орай статистикалық зерттеулердің тәсілдері мен ережелері. Статистикалық бағалау әдістері: инвестициялық жобалардың құнын бағалау кезінде; құрылысы аяқталмаған ірі объектілердің құнын бағалау кезінде; салық салу мақсатымен мүліктің құнын жаппай бағалау кезінде; аймақ аралық кәсіпорындарды дамытудың бизнес жоспарлары мен бағдарламаларын жасау кезінде; аймақтағы және елдегі түрлі нарықтарды, салалардың тауарлары мен өнімдері жиынтық бағасының жүйелік өзгерістерін күрделі маркетингілік зерттеулерде пайдаланылады. Есептеудің негізгі екі тәсілі қолданылады, олар: қатынастар тәсілі және кемімел тәсілі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |