Сұқсыр үйректер
Сұқсыр үйрек тәрізділер | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Сұқсыр үйректер (лат. Podicipedidae) — Сұқсыр үйрек тәрізділер отрядының (лат. Podicipediformes) суда жүзетін құстардың жалғыз тұқымдасы.Тұқымдаста 22 биологиялық түр белгілі, оның 3-і жойылған.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орташа және майда су құстары. Ең ірілері үлкен сұқсырдың салмағы 900-1200 г, ең майда кішкене сұқсырдың салмағы 200 г жуық. Антрактидадан басқа барлық құрлықтарда және аралдарда таралған. Олардың сыртқы пішіні ерекше, басқа тобырларға ұқсамайды. Дене тұрқы созылған ұршық тәрізді. Қанаттары қысқа. Жүзгенде және сүңгігенде қанаттарын денесіне қысады. Аяқтары денесінің соңғы жағында орналасқан, қысқа, екі жағынан қатты қысылған. Аяқтарының әр саусағы жеке жалпақ терілі өскіндермен қапталған, олары тек саусақтың түбінде ғана бірігеді. Тырнақтары жалпақ. Қауырсындануы тығыз, төменгі жағы жібектей өте тығыз. Бағыттауыш қауырсындары жұмсақ, құйрықтың жамылғы қауырсындарына құсайды, сондықтан құйрықтары айқын емес. Тұмсықтары тік, үшкір, конус тәрізді. Жақтың иектері тегіс.
Сұқсыр үйрек тәрізділердің бүкіл өмірі сумен байланысты. Суда қоректенеді және ұялайды. Жағаға шықпайды. Су бетінде бай өсімдіктері бар тұщы және сәл тұздылау су қоймаларын маңайлайды. Күндізгі құстар. Әсем жүзеді және өте жақсы сүңгиді. Ірілері су астында үш минутқа дейін бола алады. Су астында аяғымен қозғалады. Суда ұзақ жүгіріп еңгіш ұзын сызықпен әуеге көтеріледі. Қанаттарын жиі қағып тік сызықпен ұшады. Азықты суда сүңгу арқылы табады. Жемтікті тұмсығымен ұстайды. Жануарлармен қоректенеді. Майда құстар су жәндіктерімен және олардың дернәсілдерімен, шаян тәрізділермен, моллюскалармен, майда балықтармен қоректенеді. Кейбір үлкен құстар тек балықтармен қоректенеді. Сұқсыр үйректердің қарындарында сол құстардың қауырсындары әрдайым табылады. Олар өздерінің қауырсындарын жұлып жейтін сияқты.
Моногамдар. Жұбымен өмір сүреді. Еркегі де ұрғашысы да жұмыртқа басуға және балапан өргізуге бірдей қатысады. Ұяларын жүзінді су өсімдіктерінен (көбінесе шіріген) жасалған аралдарға салады. Жеке жұптармен және шоғырланып жүздеген жұптармен бірге ұялайды.
Құс ойнақтары күрделі. Ұяға үштен сегізге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқалары сопақша, реңі біркелкі көкшіл. Ұяда жұмыртқалар өте ылғалды ортада жатады, көбінесе суда. Сондықтан жұмыртқалар өсімдіктермен былғанып сарғайып немесе сұрланып кетеді. Сұқсыр үйректердің жұмыртқа басу дақтары жіңішке. Сондықтан олар барлық жұмыртқаларын жаба алмайды. Жұмыртқа басу бірінші жұмыртқа туудан басталып, жиырма-жиырма бес күнге созылады.
Балапандары жұмыртқадан шыққанда мамық жамылғысы бар және тез арада суға жүзе алады. Бір ұядағы балапандар толық жетілгенше бөлінбейді. Қазақстандағы сұқсыр үйректердің мамық қауырсынды балапандарының реңдері жолақты. Балапандар мамық сәндерін жастық қауырсындарға ауыстырады. Бұл реңдері ересектерден өзгеше. Жастық сән күзде қысқы сәнге ауысады. Ыстық жердегі сұқсыр үйректер жылына бір рет түлейді, ал ТМД елдеріндегі сұқсыр үйректер – екі рет түлейді: көктемде майда қауырсындары, ал күзде бүкіл қауырсындары. Желпуіш қауырсындары түгелімен түлейді және ол кезде құстар ұша алмай қалады. Қазақстан сұқсыр үйректерінің қыстық сәннен өзгеше ерекше күйлік сәні бар. Еркектері мен ұрғашыларының реңдері бірдей, бірақ еркектері ірілеу.
Сұқсыр үйректердің шаруашылық маңызы шамалы. Көпшілік жағдайда ірі сұқсыр үйректердің балықтармен қоректену зияны білінбейді. Сұқсыр үйрек еттерінің онша дәмдік ерекшелілігі жоқ, көпшілігін жеуге болмайды. Сұқсыр үйректердің кәсіпшілік маңызы – терілерінің «Құс терісі» ретінде пайдаланылуы. Өңдеуге кеудесі мен саны жарайды. Өңделген соң ол әдемі жібектей теріге «мехқа» айналады. Ол әйелдердің қалпағын әшекейлеуге пайдаланылады.
Қазақстанда сұқсыр үйрек тәрізділердің тек бір тұқымдасы – Podicepedidae және бір ғана туысы – Podiceps кездеседі.
Кең тараған, әсіресе тропикалық және субтропикалық елдерде. Олардың таралу аймағы Еуропаның оңтүстік бөлігі, Африка (Мадагаскармен қосқанда), Австралия, Жаңа Гвинея, Зонд және Филиппин аралдары, Жапония, Қытайдың көпшілік бөлігі, Үндістан, Алдыңғы және Кіші Азия, Орта Азия және Қазақстан. Тоғыз түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. R. Capensis.
Қара мойын сұқсырлардың таралу аймағы бөлшектелінген. Ең көп ұялайтын аймағы Еуропаның көпшілік бөлігі, Кіші, Алдыңғы және Орта Азия және Сібірдің оңтүстік бөлігі, шығысқа қарай Обь өзеніне дейін, солтүстікке қарай Минск, Мәскеу, Қазан, Пермь, Омскіге дейін барады. Екінші ұялайтын аймағы Теңіз жағалауы, Солтүстік Маньчжурия, Солтүстік Американың батыс бөлігі мен Солтүстік-Батыс және Оңтүстік Африка, сондай-ақ, Абиссина. Үш түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. n. Nigricollis
Еуразия мен Солтүстік Американың тайгалық және орманды-далалы аудандарының оңтүстік бөлігінде кең тараған. Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. a.auritus.
Еуропада және Батыс Сібірде ұялайды, онда шығысқа қарай Обь өзеніне, солтүстікке қарай Архангелскіге, ал Жайық жағалауымен Уфаға дейін жетеді. Содан соң сәл үзіліс жасап, олар Шығыс Сібірде (батысында Байкалға дейін, солтүстігінде – Колыманың төменгі жағына дейін, оңтүстігінде – Солтүстік Маньчжурияға дейін) және одан әрі Солтүстік Америкада ұялайды. Екі түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. g.griseigena
Өте кең тараған құстар. Олар Австралияда, Жаңа Зеландияда, Африкада, Сахараның оңтүстігінде, Еуропада оңтүстікке қарай 60-63º солтүстік кеңістіккедейін және Азияның көпшілік бөлігінде ұялайды. Азияда оның ұяларының солтүстік шекарасы Түмен, Омск, Ачинск, Ханка көлі арқылы өтеді; оңтүстік шекарасы Месопатия, Шығыс Иран, Тибет, Кашмир арқылы жүріп, Хуан-хэ алабы арқылы Уссурия өлкесіне жетеді. Үш түршесі кездеседі. Қазақстанда соның бірі – P. c. сristatus.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Омархан Беркінбай, Қазақстан құстары мен аӊдары биологиясы