Сәбә сүресі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сәбә сүресі — سبأ

Сүренің арабша мәтіні
Атауының мағынасы

Сәбә патшалығы

Жіктелуі

Меккелік

Жерге түсірілу реті

58

Статистика
Сүре нөмірі

34

Аяттар саны

54

Джуз

22

Хизб

43 – 44

Рукуғ саны

6

Сөз саны

883

Әріп саны

1512

Алдыңғы сүре

Ахзаб сүресі

Келесі сүре

Фатыр сүресі

Аударма

QuranAcademy.org
Kuran.kz

Аудио

Фалак.ru


                                   

Сәбә сүресі (араб. سبأСәбә патшалығы) — 34-ш Құран сүресі. 54 аяттан тұрады.

Ежелде Йеменнің шығысында орналасқан Сәбәғ елі, қазір Мареб деп аталынады. Cүреде Аллаһ Тағала кім оған сенім келтірсе соған көмектесетіндігін айтады: Дәуіт пайғамбарға темірді жұмсақ етіп, Сүлеймен пайғамбарға жындарды бойұсындырдық. Жіндер Аллаһ Тағаланың қалауымен Сүлейменге кең сарайлар салады. Дәуіт пен Сүлеймен пайғамбарлар Аллаһ Тағалаға мейірбандығына өз разылықтары мен игіліктерін білдірүші еді.

Кейін сүреде Аллаһ Тағаланың Сәбәғ патшалығына көрсеткен мейірбандығына олардың разы болмағандығы көрсетіледі. Олар тәкаппарлық көрсетіп, Аллаһ Тағалаға өз рақметтерін айтпайды. Сонда Аллаһ Тағала оларды жазалайды. Аллаһ Тағала тыңдамайдын әрі көрнексіздерді жазалаушы.

Сүреде өз малдарымен әрі жанұяларымен мақтанғандарды Аллаһ Тағала мінейтіні айтылады. Аллаһ Тағалаға жақын болу үшін, Аллаһ Тағала ұнататын істерді жарату қажеттігі айтылады.

Аллаһ Тағала Дәуіт пайғамбар жайлы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аллаһ Тағала Дәуіт пайғамбарға темірді жұмсақ қылды:

"Расында Дәуіт (Ғ.С.) ке өз жанымыздан ізгілік бердік: “Әй таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар” (дедік). Және оған темірді жұмсаттық. (34:10)"

Сүлеймен пайғамбардың дүниеден өтүі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Сүлеймен (Ғ.С.) ге де ерте кетуі бір айлық, кешке қайтуы бір айлық (жол алатын) желдерді бағындырдық. Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық. Я, Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін жындарды да бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан таттырамыз. (34:12)

Олар, Сүлеймен (Ғ.С.) нің қалауынша, құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді. “Ей Дәуіт (Ғ.С.) тің үй-іші! Шүкірлік етіңдер!” Құлдарымнан шүкір етуші аз. (34:13)

Біз оның (Сүлеймен Ғ.С. нің) өліміне үкім берген заманда, жындарға оның өлімін; оның таяғын жеген бір жердің кұрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылган сәтте, жындарға аян болды. Егер жындар, көместі білген болса еді, олар, ауыр машақатта қалмас еді. (34:14)"

Дәуіт пайғамбар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Сондай қарсы келгендер: “Біз әсте бұл Құранға сенбейміз әрі бұның алдындағы (кітап) ларға да сенбейміз” деді. Ол залымдарды, Раббыларының құзырында тұрғызылып, бір-бірлеріне сөз қайтарып тұрғанда бір көрсең: Езілгендер; өздерін ірі санағандарға: “Сендер болмасаңдар, иман келтіретін едік” дейді. (34:31)

Өздерін ірі санағандар, езілгендерге: “Сендерге тура жол келгеннен кейін, сендерге біз бөгет болдық па? Керісінше өздерің күнәкар едіңдер” дер. (34:32)

Езілгендер, өздерін ірі санағандарға: “Күндіз-түні қулықпен, Аллаға қарсы келуімізді, Оған теңеулер жасауымызды әмір етуші едіңдер” дер. Сондай-ақ азапты көрген кезде, ішінен өкінеді; қарсы келгендердің мойындарына боғаулар жасадық. Оларға істегендерінің ғана жазасы беріледі. (34:33)

Бір кентке ескертуші жіберген болсақ, әсіресе олардың байлары: “Рас сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз” деді. (34:34)

Сондай-ақ олар: “Біздер, көп малдар, балаларға иеміз. Сондықтан да азапқа душар болмаймыз” деді. (34:35)

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Сөз жоқ, Раббым әлде кімге тілесе, несібесін кеңітіп, тарайтады; бірақ адамдардың көбі түсінбейді” де. (34:36)

Малдарың да, балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады. (34:37)

Сондай-ақ аяттарымызды күшінен қалдыруға тырысқандарға келсек, міне солар; азапқа душар болатындар. (34:38)"

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Алдыңғы сүре:
әл-Ахзаб сүресі
Құран - 34 сүре Келесі сүре:
Фатыр сүресі
Арабша мәтіні — Қазақ тілі

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114

Осы үлгіні: көру · талқылау · өңдеу

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]