Танк

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
ҚР ҚК Т-72Б танкісі
Кеңес Одағының Т-34-85 танкісі

Танк (ағылш. tank) — түгелдей сауытты, шынжыр табанды соғыс машинасы. Танк снарядымен әртүрлі нысаналарды қиратады; сенімді сауыты мен арнаулы қорғаныш қалқандары қирату құралдарынан сақтайды және өзінің оралымдылығы арқылы бөгет-кедергілерден еркін өтеді. Сауытты соғыс машинасының бірінші жобасын (кейін танк деп аталды) Ресейде инженерлер В. Д. Менделеев (1911-15), А. А. Пороховщиков, А. Васильев, Англияда Де Моль (1912), Австрия — Венгрияда Г. Бурштың (1913) ұсынды. Пороховгциковтың соғыс машинасы («Вездеход») 1915 жылы мамыр айында жасалса да, онан әрі дамымады. Ағылшындар 1916 жылдың күзінде бірнеше ондаған «Марка-1» Танкісін жасап шығарды және 15 қыркүйекте (1-дүниежүз. соғыс кезінде) бірінші рет Сомма өз. жағасындағы ұрыста (32 машина) қолданды.

Алғашқыда Танкілердің бір зеңбірегі немесе 1 пулеметі болды. Францияның «Шнейдер», «Сен - Шамон» Танкісі бірінші рет 1917 жылы 15 сәуірде қолданылды. Германияның A — 7-V, А — 7 — UU Танкісі 1918 жылы шықты. АҚШ өздері шығарған двигатель қойылған «Марка - V» және «Марка - VII» ағылшын ауыр Танкісін, Францияның «Реносын» соғыстың аяқ кезінде шығарды. Ол Танкілердің экипажы 8-12 адамға дейін болды. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Англияда 2900, Францияда 6200, АҚШ-та 1000, Германияда 100 Танк шығарылды. Бірінші Кеңес Танкісі 1920 жылы 31 тамызда сынақтан өтті. 1928 жылдан Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) МС-1 жеңіл Танкісі шығарылып, 1929 жылы кеңес-қытай жанжалында қолданылды. 1931 - 39 жылы кіші (Т-27, Т-37), жеңіл (Т-26, БТ), үш мұнаралы орта (Т-28) және бес мұнаралы ауыр (Т-35) Т-ілері шығарылды. Жеңіл танкілер Хасан көлі мен Халкин - Гол көлдері маңындағы ұрыстарда, кеңес-фин соғысында және 2-дүниежүз. соғыстың алғашқы кезеңінде қолданылды. 1940 жылдары кіші Т-40, жеңіл Т-50, орта Т-34 және ауыр KB танкілерінің үлгісі жасалды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде негізінен орта және ауыр Танкілер пайдаланылды. Соғыс кезінде (1943) Танк негізінде өздігінен жүретін зеңбіректік қондырғылар жасалды. 1939 жылы КСРО-да (1941 жылы 1 шілде - 1945 ж 30 маусым) 95099, Германияда 65100, АҚШ-та 103096, Ұлыбританияда 25160, Канадада 5815, Жапонияда 3648 танкілер мен өздігінен жүретін зеңбіректік қондырғылар шығарылды. Олардың экипажы 4-5 адам, зеңбірегі (75,76, 85, 88, 122 мм), 2-ден пулеметі болды. Жылдамдыгы сагатына 35-55 км, сауытының қалыңд. 45-тен 120 мм-ге дейін жетті. 1960-70 жылдардан бастап кең колемді әскери міндеттерді шеше алатындай бір типті танкілер шыгарылуда. Қазіргі кезде шыгарылатын танкілердің сауыты артиллерия огының және ядр. қарудың қирату факторынан біршама жақсы сақталады, экипаждың радиация сәулесінен зақымдануын азайтады. Сонымен бірге жау ядр. қаруды қолданған кезде де Танкілер соғыс қимылын ойдағыдай жүргізе алады.

Британдық "Mark V" танкісі 1919 ж.


Көптеген елдердің каруында негізінен бар- лауға арналған жүзетін жеңіл танкілер мен ракеталы-зеңбірекпен жарақтанған Танкілер бар (мыс., АҚШ-тың М-60 А-2 Танкісі). Жүзетін танкілер Кеңес армиясында алғаш рет 1932 жылы шығарылған. Қазіргі шынжыр табанды, сауытты, жауынгерлік жүзетін Танкілер су кедергілерінен өз бетімен өтуге бейімделген және суда да, құрғақта да соғыс жүргізе алады. Мұндай Танкілер тереңд. 2 м-ге дейінгі судан еркін өтіп шығады.

Кеңес Одағының БТ-7 жеңіл танкісі

Егер су астымен жүзетін құралдармен жабдықталған болса, тереңд. 4—5 м-лік судан бөгелмей өтеді. Герметизац. корпусының ішкі бөлігі оның жүзу қабілетін арттырады. Жүзу уақытында оның ескіш винттері, қалақты шынжыр табандары, водометтер, т.б. механизмдері іске қо- сылады.

Қазіргі кездегі Танкілер- дің экипажы 3 адамнан (жүр- гізуші-механик, нысанашы және Танк командирінен) тұрады. Негізгі қаруы - 105, 120, 152 мм-лік иір ойықты не- месе тегіс үңғылы зеңбірек. Зеңбірекке қосақталған 1-3 (калибрі 7,62 немесе 12,7 мм) зенит пулеметтері болады. Сауыттарының қалыңд. 100— 200 мм, түнгі көру аспапта- ры орнатылған. Ең жоғары жылдамдығы сағатына 65 км. Багына 1,5 т жанармай сыяды, ол қатқыл жолмен жүргенде 400-600 км-ге жетеді. Оқ-дәрі кешеніне сауыт бұзушы, эртүрлі калибрлі, кумулятивті және пластик, жарылғыш заты бар снарядтар кіреді. Ауа сүзгіш- вентилятор арқылы тазартыла- ды. Т-іге ауа салқындатқышы бар төрт немесе екі тактілі поршеньді двигательдер орна- тылады. Танк салмағына, сауыт- саймандарына, қару-жарағына және ұрыста қолданылуына байланысты: жеңіл танк (кіші және орта калибрлі артиллериялық қару- жарақты, салм. 20 т-ға дейін), орта танк (қуатты қару-жарақты, салм. 40 т-ға дейін), ауыр танк (салм. 40 т-дан жоғары) танкілер болып бөлінеді.

Грузия Құрлық әскерлерінің T-72Б/SIM1 танкісі

Танк шығаруды дамытқан сайын (мыс., қазіргі заманғы ресейлік Т-90) ракеталық-зеңбіректік қаруды енгізу, басқарылатын снарядтар мен ракеталарды пайдалану, сауытты қалыңдату, оралымдылығын арттыру, куаттылығын күшейту, жанармайды үнемді жұмсайтын дизельді енгізу, әртүрлі отынды жаға алатын қозғалтқышпен жабдықтау, жанармай қүятын бактардың сыйымдылығын кеңейту еске алынып отырады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Сыртқы Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Танк