Таған

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Таған

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Қарғалар тұқымдасы
Тегі: Қарғалар туысы
Түрі: C. frugilegus
Екі-есімді атауы
Corvus frugilegus
Линней, 1758

ТағанҚарғалар тұқымдасына жататын құс.

Тағанның түсі көмірдей қап-қара, тек қана көк бурыл мойнағы бар. Оның таған екенін сол мойнағына қарап ажыратуға болады. Тағанды ауылдық жерден де, қалалық жерден де кезіктіруге болады. Ертеректе олар елді-мекендерден, адам көзінен аулағырақ жерде жүргенді қалайтын. «Адам жатырқағыш» мұндай тағандар Орал мен Волга өңірінде де әлі кездеседі. Әйтсе де , олардың көпшілігі адам мекен-жайларына үйірсек келеді. Өйткені ұя салатын орын көп (шатыр, шіркеу, су мұнаралары), әсіресе, қыстыгүні жем табу да оңай. Таған – жыл құсы емес, тек кейбір өңірлерде қыс мезгілінде оңтүстікке қарай 200-300 шақырымдай қоныс аударатыны бар.

Көктем шығысымен тағандар өздерінің үйреншікті мекендеріне қайта оралып, ағаш кеуектеріне, қора-қопсы қуыстары мен үй шатырларына салған ұяларын қайта жөндеуге кіріседі. Таған бір ұяны бірнеше жыл бойы паналайды. Оған қара шұбар секпілі бар, 3 – 8 көкшіл жұмыртқа салады. Одан 16 күн дегенде балапан басып шығарады.

Corvus frugilegus

Таған оншама тамақ талғап жатпайды. Кей кездері ғана бау-бақшаларды қарақтағаны болмаса, көбінесе, әр түрлі қалдықтарды жеп күнін көреді. Таған жапырақ жегі, зауза, бізтұмсық, зерқоңыз сияқты ауыл шаруашылығына зиянды насекеомдарды теріп жеп пайда келтіреді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ совет энциклопедиясы", 3 том