Телугулер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Телугулер
андхра
Бүкіл халықтың саны

74 млн.

Ең көп таралған аймақтар

 Үндістан

Тілдері

телугу тілі

Діні

индуизм, суннизм

Телугулер (андхра) — Үндістандағы халық, Андхра-Прадеш штатының негізгі халқы, сонымен қатар Тамил Наду және Карнатака штаттарының маңындағы аудандарда тұрады.[1] Саны 74 миллион адам. (2001, халық санағы).[2]

Дравид тілдері шоғырына жататын телугу тілінде сөйлейді.

Дінге сенушілер негізінен индуистар, бір бөлігі сүнниттік мұсылмандар.[3]

Б.з.б. 1-мың жылдықтың ортасында андхра, калинга тайпалары Солт. Үндістаннан оңт-ке қоныс аударып, телугу тайпасымен араласып, б.з.б. 2 ғ-дан бастап б.з. 3 ғ. аралығында біртұтас халық болып қалыптасқан. Б.з.б. 3 ғ-да ежелгі А. мемл. Маурья империясы құрамында болған кезде буддизм мен жайнизм сенімін қабылдаған. 4 ғ-дан бастап Гуптаның құрамына енгеннен кейін, индуизмді қабылдады. 1956 ж. А. бірыңғай Андхра-Прадеш штатына қайта бірікті.

Негізгі кәсібі – егіншілік (қызыл бұрыш, күріш, бұршақ, мақта, кендір және темекі). Телугу қой өсірушілерінің этномәдени тобы бар. Қолөнер дамыған – қыш, тоқыма, маталарды безендіру, зергерлік және лак өнері. Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық технологиялар әзірленуде (Хайдарабадта).[4]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Телугулар Үндістанның бір бөлігі ғана болғанымен, бұл халық өздерінің ата-бабаларының көптеген ерекшеліктерін сақтап қалды. Үнділердің арасында бұл этникалық топтың өкілдері ұйымшылдығымен және ұқыптылығымен ерекшеленеді.[5] Телугу негізінен касталық бөлуді сақтайды. Касталар экзогамдық тайпалық топтарға бөлінеді, матрилинейліктің кейбір дәстүрлері сақталған (анасының ағасының қызымен некеге тұру, төменгі касталар үшін - мұрагерлік матрилинейлік). Ажырасу мен жесірлердің қайта тұрмысқа шығуына тыйым салынған.

Ауылдарда жоғарғы касталардың өкілдері төртбұрышты аулалары бар кірпіш үйлерде тұрады. Үйдің оңтүстік бөлігінде жатын бөлмелері, шығыс бөлігінде намазхана, батыс бөлігінде қонақ бөлмесі бар. Үйдің қалған бөлігін қоймалар алып жатыр. Орта касталардың шаруалары мен қолөнершілерінің отбасылары бір бөлмелі, кейде тоқылған қабырғалары бар верандалы үйлерде тұрады. Тоқымашылар кастасының мүшелері дөңгелек бамбуктан немесе ағаштан жасалған лашықтарда тұрады.

Ерлер дхоти киеді, оның үстіне ақ немесе түсті көйлек, иықтарына орамал немесе шарф тасталады, басына сәлде киеді. Телугу мұсылмандары лунги, көйлек және дөңгелек қалпақ киеді. Әйелдер киімі – сари, астына белдемше, жеңі бар қысқа күртеше (чоли). Шаруа әйелдері дхоти сияқты сари киеді. Косметика, зергерлік бұйымдар (байлар үшін - алтыннан) танымал.

Негізгі тағамы - күріш, бұршақ (әсіресе ащы тағамдар), асқабақ, қышқыл сүт. Тамақты манго жемістері, лимондар, дәмдеуіштермен дәмдейді. Мерекелік тағамдар – бұршақтан жасалған тәттілер т.б.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Телугу (народ) https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/75293
  2. Большая российская энциклопедия https://bigenc.ru/ethnology/text/4186593 Мұрағатталған 15 маусымның 2022 жылы.
  3. Толковый словарь русского языка. https://sanstv.ru/dict/%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%83%D0%B3%D1%83%20(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)(қолжетпейтін сілтеме)
  4. ТЕЛУГУ http://www.endia.ru/telugu.php
  5. Телугу – народ, подаривший свою культуру Индии https://musaget.ru/telugu-narod-podarivshiy-svoyu-kulturu-indii
  6. народы мира / Телугу http://www.etnolog.ru/people.php?id=TELU