Теодор Адорно
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Теодор Адорно (нем. Theodor Ludwig Wiesengrund Adorno) (11.9.1903 Майндағы Франкфуртта туған — 6.8. 1969 Фиспте (Швейцария) қайтыс болған) — неміс философы, әлеуметтанушысы, музыкатанушысы, Франкфурт мектебінің өкілі.
1934 жылдан бастап Ұлыбританияда, 1938 жылдан бастап АҚШ-та эмиграцияда болған. 1949 жылы Майндағы Франкфуртқа қайтып келді. Адорноның көзқарастары 1960-шы жылдардың солшыл радикал студент қозғалысына зор әсер еткен.[1] Оның эпистомологиялық жұмыстары, сонымен қатар, жаңашыл қоғам мен көпшілік мәдениетіне жасаған сыни талдаулары үлкен келіспеушілік туғызды.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9