Тибет спаниелі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Тибет спаниелі
Тибби
Сипаттамалары
Бойы 25 см
Салмағы 4—7 кг
Шығу тегі
Ел Тибет
ХКФ классификациясы
Тобы Сәндік және серіктес иттер
Секциясы Тибет тұқымдары
Нөмірі 231
Ортаққордағы санаты: Ит тұқымдары

Тибет спаниелі (ағылш. Tibetan Spaniel) — сәндік иттер тұқымы. Ертеде, тибет монастырларында күзетші және серіктес-ит қызметін атқарған.

Атына қарамастан, тибет спаниелдері еуропалық спаниелдерге ешқандайда қатысы жоқ. Атауын ағылшындық той-спаниелдеріне ұқсас болғандықтан алған. Бұл тұқым өте ертеден келе жатыр, тарихы екі мың жылға дейін созылады. Иттер Тибетте будда монастырларында өмір сүріп, монахтардың құрметіне ие болған. Тибет мастифтерімен бірге күзетші болған: монастырдың қабырғасында жатып, шекараны қадағалап отырған және бөтен адамдар жақындағанда үріп, адамдар мен үлкен иттерге хабарлаған. Кейбір монастырларда дұға дабылын айналдырған. Тіпті көпсағаттық дұға оқылып жатырған кезде бөлме ішіне кіруге рұқсат етілген[1][2].

Будда монахтары бұл иттерді ешқашан сатпаған, бірақ та бағалы сый ретінде беретін болған. Тибет иттері Еуропаға Марко Поло кезінде әкелінді деген нұсқа растауын таппай келеді. Тағы бір болжамда, бұндай иттерді XVII—XVIII ғасырларда Қытайдан иезуиттер әкелді делінеді. Ұлыбританияға XIX ғасыр соңында әкелініп, алғаш рет 1898 жылы Crufts көрмесінде көрсетілген болатын. Тұқымның стандарты ағылшындық кеннел клубымен 1938 жылы бекітілген болатын. Британдық ит асыраушыларының арқасында осы атауына ие болды. Халықаралық кинологтар федерациясы тұқымды 1961 жылы Ұлыбританияның арқасында мойындады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Тиббидің оң, теріс жақтары
  2. Тибет спаниелі, Ең кішкентай иттер, Диля басылымы, 2003 жыл