Тиверліктер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
VIII ғасырдың аяғына славяндар және олардың көршiлерiнiң таратып орналастыруын карта

Тиверліктер – шығыс славян тайпаларының одағы. Днестр мен Дунай өзендерінің аралығын мекендеген. Ежелгі орыс княздері Олегтің (907) және Игорьдің (944) Царьград (Константинополь) қаласына жасаған жорықтарына қатысқан. 10 ғасырдың ортасында ежелгі орыс мемлекетінің құрамына кірді. 11 ғасырдың аяғы – 12 ғасырдың бас кезінде Теңізідің көпшілігі оңтүстік-шығыстағы даладан келген түркі тайпаларының тегеурініне төтеп бере алмай солтүстіке жылжып, басқа шығыс славян тайпаларымен араласып кеткен.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 8 том